Алдымен танысып шығуды жөн санадым

Алдымен танысып шығуды жөн санадым
жеке
блог

Ассалаумағалейкум құрметті " МАССАГЕТТІКТЕР" . Қал жағдайларыңыз қалай ?

Блогты бастамастан бұрын алдымен өзімді таныстырып өтуді жөн санадым .

Толықтай аты-жөнім МҮТИҒОЛЛАЕВ Әнуарбек МҮТИҒОЛЛАҰЛЫ .

Барлығы сияқты менде тоғыз ай құрсақта көтерген анадан туылдым .

1994 жылдың 26 Қыркүйегі , қоңыр күздің жаңбырлы бір күнінде .

Мақсатым: ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМНІҢ БІЛІМДІ ДЕ САНАЛЫ , ҰЛТЖАНДЫ АЗАМАТЫ БОЛЫП ӨСУ 

  Күнделікті болып жатқан  жағдайлар мен жаңалықтарды өздеріңізбен бөліспек ниетте блогымды бастадым . Жазылған әр мақалам мен өлеңдерімді бағалап ,пікір қалдырып отырсаңыздар қуанып қалар едім .

Жас қаламгерлер !

Сендердің қаламдарыңыз талмасын . Бағындырар белестеріңіз көп , алар асуларыңыз мол , қайда барсаңыздар да тек ақ жол , арқалағандарыңыз алғыс , көтергендеріңіз сенім , серіктеріңіз төзім болсын дегім келеді .

Ал , ендеше барлығыңа да сәттілік , ал өзіме іске сәт !!!