Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен қолдану саласындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатындағы оқыту семинары
жеке
блог

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен қолдану саласындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатындағы оқыту семинары

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және патриотизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобаның мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Осыған дейін аталған әлеуметтік жоба бойынша 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық патриоттар форумын, жастар флешмобын, облыс жастары арасында сурет байқауы мен жайдарман ойыны секілді іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Әлеуметтік жобаның жұмыс жоспарына сәйкес «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қараша айының 23-жұлдызында Ақтау қаласы «Арман» жастар орталығы ғимаратында жергілікті полиция қызметкерлеріне, ірі кәсіпорын басшылары мен қызметкерлеріне, орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарының басшылары мен қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен қолдану саласындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатындағы оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты – ҚР мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану саласында қажетті ақпараттар мен кеңестер беру. Мемлекеттік стандарт бойынша мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы кеңес беру. Семинарға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маманы Акмамбетов Еркин Сеид-Ахмедович пен Майрамқызы Қалима қатысып, қатысушыларға кеңес берді.Оқыту семинарына облыстық білім беру ұйымдары колледж қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ӨзенмұнайГаз» АҚ, «МАЭК-КазАтомПром» АҚ, «Ақтау Халықаралық теңіз сауда порты» АҚ, «МРЭК» АҚ, «Қазморттрансфлот» АҚ мен мемлекеттік орган қызметкерлері, департамент қызметкерлері мен қала,аудан өкілдері қатынасты. Семинарда ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалану мен қолдану саласы бойынша әдістемелік көмекші құрал қатысушыларға таратылды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, өз деңгейінде жауаптар берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік жоба аясында ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы презентациялық диск пен имидждік альбом таныстырылып, қатысушылардың қызығушылығы бойынша ұсынылды.