1.1.1 теориясы: Сіз сатылмаңыз, сізді сатып алсын!

1.1.1 теориясы: Сіз сатылмаңыз, сізді сатып алсын!
жеке
блог

Сізді сатып алу үшін сіз сол іске лайық болуыңыз керек. Бір сөзбен айтқан кезде профессионал болу міндетті. Оның ішіне: сөзіңіз, ісіңіз, киіміңіз, өзіңізді ұстау этикетіңіз, адамдармен қарым-қатынасыңыз, біліміңіз кіреді. 

Сіз сатылмаңыз, сізді сатып алсын. Ең қызығы олар ұсынған емес, сіз ұсынған бағаға сатып алсын. Себебі сіз өз бағаңызды білуіңіз керек. 

Сіз қазір 70 000- 150 000 теңге арасында ақша тауып жүріп, соған мәз болсаңыз онда сіздің құныңыз осы деген сөз. Ал сіз мұнымен келісесіз бе? Сіздің құныңыз 1 000 000 – 5 000 000 теңге болатын болса, сіз неге 70 мың теңге үшін бар потенциалыңызды көрсетіп жүрсіз? Ойланыңыз! 

Бүгін жеңіліп көрмеген адам, ертең жеңімпаз бола алмайды. Себебі жеңілмей бірден жетістікке жету дегеніміз, ешқандай тәжірибе алмай шыңға шығу деген сөз. Мұндай топтағы адамдар бар. Бірі бұрыннан бар байлыққа мастану немесе жеңіл жолмен келген көк қағаздың ермегі ғана. Ал адал асты табу және оны үлкен берекеге айналдыру қоғамдағы ең үлкен жеңіс. 

Сізге ең алдымен бәрін бақылауда ұстау керек. Әрбір нәрсеге мән беру керек. Кіммен сөйлесіп тұрсыз, кім қасыңыздан өтті, не бітіріп жатсыз, жауабы қандай, сұрақтың мәні, сіз кімсіз... Айтсақ бақылауда ұстайтын заңдылық көп. Ал бәрін бақылауда ұстау не үшін керек десеңіз, өмірдің керемет сәттері сіз артқа қарап тұрған кезде өтіп кетуі мүмкін. Ал жетістікке жеткен адамдардың ерекшелігі сол сәтті ұстай білді және пайдалана алды. 

Егер сіз жетістікке жеткен және соның жолында ақылмен жұмыс жасап жатқан адам болсаңыз, өзін бағалай білген адамды сатып алудан қашпаңыз. Себебі бір бастан екеу жақсы. Егер қателік орын алмаса, сіз өзіңіз сатып алған ең қымбат адамның берген білімімен дәл сондай бағада тұратын адамның жүзін сатып алуға болатын табыс табасыз. Ал біз бұлай жасауға қорқамыз, себебі сенбейміз. 

Түйін. Қазір идея да сатылатынын ұмытпаңыз! Ендеше сіздің мүмкіндігіңіз бар. Ойланыңыз! Тудырыңыз! Іске асырыңыз! 

                                                                                                                           (с) Марғұлан Ақан