Қыз күнделігінен

Қыз күнделігінен
жеке
блог

Кейде сезімдеріміз түсініксіз əрі тұрақсыз болатыны жасырын емес. Бірақ тұрақсыз сезімдерімізбен мəңгі жүре алмаймыз. Сезімдер де тұрақтылықпен  отбасын құруға жетелейтіні жасырын емес. Мен сол тұрақты сезімді əлі күтудемін.

 Сіз менің өмірімдегі баға жетпес асыл жансыз. Сізді құрметтеймін сол үшін. Жүрегіме махаббат сыйлап қана қоймай қиналған сəтімде болған жалғыз жансыз. Мен сізді əлі ұмыта алмадым. Қолымнан келер емес. Үнемі түнде ұйықтар алдында сізді енді ұмытамын деп уəде бергенмен де, таңда ұйқыдан көз аша сала сізді ұмыту керек екендігін ұмытып кетемін. Сіздің қай уақытта  əлеуметтік желіден шыққаныңызды, қанша достарыңыздың бар екендігін, бүгін қандай əуен тыңдағаныңызды қарай беремін. Мен үшін күнделікті əдет сияқты. Бəрін ұмытам міне енді,-деп ұялы телефонымды өшірген кездерім де болды. Бірақ мүмкін емес дүние болып көрінеді. Уақыт емші шығар, бірақ сізді ойлаумен өткізген уақыттарым үшін еш өкінбеймін. Мен емес менің ақымақ жүрегім сізді қатты сағынды. Жүрегім сізді көргенде ғана тынышталатын сияқты. Жаныма келіп, бұрынғыдай еркелеткеніңізді, бұрынғыдай сыйластығымызды қалаймын. Махаббат деген нəрсені кім шығарды?,- деп кейде өкініп кетемін. Ол сəт сізді күтіп күтім төзімімнің соңына жеткен кезде орын алады. Солай қиналып тұрсам да қайта бəрін жалғастырамын. Өзімді де жүрегімді де аямаймын. Тек ойымның бəрі сізде ғана болып тұрады. Бірақ өкінішке орай бұл сіз үшін маңызды емес шығар. Мен сізді қатты қатты сағындым. Жаныма қайта келетін сəтіңізді күтудемін! Тағдырымыз жазылса қосылармыз, мүмкін жоқ. Мен бірақ  Жаратқаннан  бар жақсылықты сұраймын. Өміріміз ақ жолдан ғана тұрсын, жаным. Сізді күтемін тағдырыма қойылғанша бір нүкте.