Жас қылқалам иелері мен қолөнер шеберлері сынға түсті.
жеке
блог

Жас қылқалам иелері мен қолөнер шеберлері сынға түсті.

Облыстық Бейнелеу өнері музейінде "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы аясында ОҚО әкімдігінің тапсырмасының негізінде, облыстық білім басқармасының қолдауымен "Экологиялық орталық" МКҚК ұйымдастыруымен "Табиғат әлемі балалар көзімен" облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: жасөспірімдерді қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына баулу, жаңа өмір ағымына сәйкес экологиялық тәрбие мен білім беру, табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылыққа баулу.
Байқау жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары, көркемсурет мектептері,қосымша білім беру мекемелерінің арасында өтті. 
Бүгін байқауға түскен жеңімпаздарды анықтау үшін құрылған қазылар алқасы құрамының төрағасы музей директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Айнабек Мыңжасарұлының төрағалығымен белгілі суретшілер, өнер мектебінің ұстаздары, эколог мамандар қатысып, үздік жұмыстар анықталып, жүлделі орындарды анықтады.