"Латын қарпі" немесе "Latyn a'lіpbi'і"

"Латын қарпі" немесе "Latyn a'lіpbi'і"
жеке
блог

     Qazіr boi' jarystyratyn zaman emes, oi' jarystyratyn zaman
                                                                                                Nursultan Nazarbaev

     Көбініз елбасымыздың бұл нақыл сөзін аударуға біраз уақыт отырдыңыз, ал кейбіреулер бұны лезде түсінді. Ол өте жақсы! Бұл "қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман" деген сөздердің латын қарпіндегі үлгісі. Жаңа латын әліпбиіне қазірден үйрене берген абзал, себебі Қазақстанның латын қарпіне өтетіні айқын. Болашақта өзіңізге жеңіл болмақ.

     Қазақстан латын қарпіне өту мәселесін тәуелсіздік алғаннан бері көтеруде. Алайда, осы 2017 жылы нақты қадамдар жасалып, нәтижесінде бірнеше рет өзгертілген әліпби жарық көрді. Ең бірінші үлгі:

латыница     Екінші өзгертілген үлгі:

латыниц     Апострофтар қолданылатын жаңа үшінші үлгі:

латын     Әрбір жаңа латын әліпбиі үлгілері халықпен сараланады. Алдыңғы екі үлгісі көптеген резонансты даулар туғызғандықтан қабылданбады. Бірақ, апостроф қолданылатын үшінші түрге де көптеген сауалдар қойылды. "S'yg'ys Qazaqstan" сияқты қалжыңдарды білетін боларсыздар. Бұл дегеніміз, латын әліпбиі тағы да өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін. Онысы да жақсы, себебі ақырында ең тиімді, жеңіл латын қарпі пайда болады.

     Елбасымыз латын қарпіне басқа елдердің қателігін сараптай отырып өтуіміз керектігін айтқан болатын. Өйткені, тіліміздің қате болуы халықтың сауатсыздығына алып келеді. Қазіргі кезде Өзбекстан мемлекетінде уақытылы дұрыс шешімдер қабылданбағандықтан, халық жас пен кәріге бөлінді. Жас қауым латын қарпін қолдаса, қарттар кириллицада қалып қойған. Қысқа сөзбен айтқанда бұл елде бір-бірін түсінбейтін адамдар жеткілікті.

     Жоспар бойынша 2025 жылы Қазақстанда толықтай латын қарпі енгізіледі. Бұл процесс кезең-кезеңмен жүретін болады.