Мен кімге керекпін?!

Мен кімге керекпін?!
жеке
блог

Мен кімге керекпін?! Соңғы уақытта осы сауал мені мазалап жүр… Әрине, ата-ана, бауырларыма керек екенімді білемін. Бірақ одан басқа мені керек етер жан мүлдем жоқ… Себебі, 8 ақпанда туған күнім болғанда мені іздеп келіп, құттықтаған жан болмады… Әлде күткеннен бе? Елеңдеумен туған күнімді де өткіздім. Одан кейін 8 наурыз. Бұл күні де біреу-міреу қып-қызыл раушан гүлімен құттықтап келер деген ой болған. Бірақ, ешкім келмеді. Содан бері мен ешкімге керек емес екенімді ұқтым…

Жалпы, адамзат баласы кімге керек?! Тек қана жақындарына екен. Дос, таныс дегендердің барлығы өткінші дүние екеніне де көзім жеткендей. Ауырсаң да, қуанып, мұңайсаң да жаныңда тек ең жақын деген адамдарың… Қалғандары қайда кеткен? Өте қиын сауал, иә?

Қазірде ешкімге керек емес екенімді білемін. Барлығы жәй ғана сұлулығыңа сұқтанып немесе жағдайыңды пайдаланып кетуді ойлайды…

Ешкімге керек емеспін… Ал сіз ше? Кімге керексіз?!