"Мен Тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін" облыстық сурет байқауы

"Мен Тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін" облыстық сурет байқауы
жеке
блог

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Түпқараған жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың бойына отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру, жастардың шығармашылық деңгейінің артуына, шеберліктерінің ұшталуын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің және Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында облыс жастары арасында сурет салудан "Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін" атты облыстық байқауы Ақтау қаласында қараша айының 09-жұлдызында "Өнер арт" галереясында өткізілді.  Қазақстанның даму болашағын бейнелеу арқылы ортақ құндылықтарға және ұлттық бірлікке тәрбиелеу, өскелең ұрпақ арасындағы азаматтық және отансүйгіштік тәрбиені қалыптасыру - бұл шараның басты мақсаты. Байқауға 14-29 жас аралығындағы облыс жастары қатысты. Шығармалардың орындалу техникасына шек қойылмады. Байқауға қатысушы үміткерлердің өнерін саралау үшін қазылар алқасы тағайындалды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде - Асқаров Азамат, 1 орын Нұрғалиева Әсел, Қарасаев Салауат, 2 орын Тучиев Әлібек, Есбосынова Ұлболсын, Садықыова Мадина, 3 орын Рычкова Александра, Тілепі Жаңылсын, Қаюпова Ақтілек, Орынбасаров Әлібек марапатталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлық пен арнайы диплом берілді.