Күту? Неге?

Күту? Неге?
жеке
блог

Иә, мен өмір бойы біреуді күтіп, біреудің қас қабағына қараумен боламын. Бірақ неліктен? Неге? Керісінше мені неге жұрт 2-3 жыл күтіп, негі іздемейді. Мен неге бәрін күтіп, ауы мен бауына қарауым тиіс. Қазірде тура сондай күйде жүрмін. Тек белгісіз, кімді, неге, не үшін күтіп жүргенім… Әйтеуір бір қуаныш пен бақыттың орнарын жүрегім сезеді. Бір жақсылық боларына көзім жетеді.

Бұрын ойлаушы едім, адамдар махаббатта болсын, кездесуде болсын, қалайша ұзақ күте береді деп. Қазір сол жайт, басыма түсті. Махаббатымды 1 жылдай күтіп, ештеңе болмайтынына көзім жеткесін, ұмыттым, ұмытқыздым… Жұмыс барысымен болсын, достармен қыдырғанда да елден бұрын мен барып алады екен. Ананың ақ сүті, әкенің қанымен дарыған уақытында келу(пунктуальность) әдеті қалыптасып қалған ба, білмеймін. Кездесуге шақырған адамым 2-3 сағатқа кешіксе де күтуге даярмын. Төзімімнің молдығы ма? Жауапкершілікті сезінгендіктен бе, түсінбеймін, білмеймін…

Енді мен ешкімді тосып, күткім келмейді. “4-5 жыл күте тұршы” деген азаматқа да күткім келмейтінін айтқым келеді. Мен бәріңді күтіп жүре беруім міндетім емес қой. Мені күтіңдер… Мені де іздеңдер…