Әке

Әке
жеке
блог

Балалық шағымда өмір өтпестей болып көрінетін. Тун ұзарып, күн қысқарып, жылдан жылға ауысып кете барды. Бала кезімде қолымыз босай салысымен жылқы-малдарымызды жайлауға шығарып салып, бір күнімізді қызыққа толы өткізетінбіз. Қыс айында ауыл шетіне барып әкеммен шаңғы тепкенді жақсы көретінмін. Бал-бұл жайнаған кезімде өмір өтпестей болып көрінетін. Сол бір әке-шешемнің қасында ойнап күліп жүре бергім келетін. Солайша көзді ашып жұмғанша уақыт жылжып өте кетті. Сол күні бүкіл ауыл болып, қалаға шығарып салды. Оқу іздеп жөніме кетем деп қуанышымда, мұнымда, жүрегіме таңба басқандай жабысты да қалды. Әкемнен бата алып, күлімсіреп кете бардым. "Не болсада аңсаған арманына жетпей қойма " деген әке сөзі ойымнан кетер емес. Бұны неге айтып отыр десеңіз? Бүгін қайтар күнім, 5 жыл уақыт өткеніне өзімді біртүрлі сезіндім содан бері әкеме хабарласпай кеткен жағдайым болған. Анам байғұс не болсада ұлын кешіруге дайын. Ал әкемді білмедім. Осылай тан атысымен шабаданымды жинап ауылға жол тарттым. Отбасымды, ауылымды сағынғаным соншалық қалай жеткенімді байқамай қалдым. 

Ауыл іші бұрынғыдай емес, бәрі тып тыныш. Көңілі мұн басқан адамдай, суық болып көрінді. Топ болып, зар қаққан балаларда көрінбеді. Күлкілері сыңғырлап көше бойында отырған апаларда жоқ. Бәрі өзгерген, тіпті ешкім қалмаған десемде болады. Ауылымды аралап жүріп, ақыры үйімде көрінді. Қақпаны аша салғаным сол еді, анам алдымнан жүгіріп шығып, маңдайымнан сүйіп қарсы алды. Үйге кірсем әкем қонақ бөлмесінде отыр, аяғы ауырып жүре алмай қалыпты. Ұялғанымнан жүрегім езіліп барады. Әкеме қарап сақалының ақ шалғанын енді байқадым. Ағарған себебі мен үшін уайымдағаны болар. Ал жарқын, кең маңдайындағы терең болмасада, тереңдей бастаған сызықтардың айтары көп шығар. Ал мөлдіреген шаштарына ақ түскенін көріп, тіпті жүрегін елжірей бастады. Сірә?! Мынау өмір алдамшы жалған екен ғой. Бір кем дүние, өтесінде, кетесің гой? !