Алып қашу операциясы!

Алып қашу операциясы!
жеке
блог

Ал мен клавиатураны сабалауды тағы бастадым! Бүгін маған смс келді. Жаза берсең көп, қысқа мағынасы АЛЫП ҚАШАМЫН! Осы алып қашқыштардың көзі қашан ашылады екен? "Бұл алып қашу атам қазақтан бері бар"- дейді. Хм  ақымақтарым-ау  Абай жолын бір оқысаңыздар түсінер едіңіздер алып қашудың мәнін! Алып қашу деген бас салып ұнаған қызды емес, саған ғашық жанды алып қашу! Онда да әке-шешесі қарсы болғанда немесе қандай да бір басқа қиындықтар туғанда ғана! Ол былай ғой жаңағы сіз айтқан атам-қазақ қыздарды жетіскенінен алып қашты деймісіз? Ол кезде қыз құқығын ескермей, әке-шешесі атастырған адамға беретін болған. Ол адам шал ма, жауыз ба, кедей ме, бай ма, сүйесің бе жоқ па? Еш мәні жоқ, атастырылдың ба болды тиесің! Заң осы! Қараңғы надан сахара халқының заңы қыз тағдырын шешіп қойған!((( Міне осы қорлыққа көндіге алмай жүрген, сол сәтте өзінің ынтызар ғашығын тапқан қыздар өз сүйіктілерімен өз еркімен бірге қашқан! Содан шыққан бұл алып қашу! Құдайым-ау 21 ғасырда бір қызға"Сіз маған күйеуге шығасыз.Себебі менімен атастырылғансыз!"- деп айтып көріңізші. "Айналайын, басымды қатырмашы!"-дейді сізге! Хм сонда қазіргі алып қашқыштар кімдер? Көнбейтін қыз жоқ, көндіре алмайтын жігіт бар! Бір қызды көндіре алмайсыздар сонсоң алып қашасыздар. Келісімін алып, ата-анасының алдынан өтіп, ақ құсыңды қолыңа қондырғанға не жетсін?! Ал егер қыз келіспедіма онда отырыңыз жайыңызға, өз орныңызды біліңіз! Ол қыз сізге бұйырмайды! Айтпақ болғаным қазіргі заманда қыз алып қашу жігітке-намыс! Себебі айналдырған бір қызды көндіре алмады және осы кемшілігін барша адамға жария қылды, уялмай қызармай. Ал қыздар сіздерге айтарым, осындай жағдай бастарыңызға келсе ОЙБАЙ ҰЯТ! болады деген сөзге мән бермеңіздер! Ұят бір апта болады, ары кетсе бір ай болады. Ал түбінде өзіміз бақытты боламыз!!!))))