Фотографқа қойылатын 20 сұрақ

Фотографқа қойылатын 20 сұрақ
жеке
блог

Сәтті түсірілген фото – тұтас бір тарих. Сондықтан, өміріңіздегі ерекше сәтті, қуанышты шараны мәңгі есте қалатындай ететін маман ол әрине суретке түсіруші. Осы ретте сіздер фотографтың қызметіне жүгінер алдында міндетті түрде сұрау керек 20 сауалдың тізімін жасадым. Мархабат! :)  

1 Қызмет көрсеткен үшін келісім шартқа қол қою қажет пе?
2 Ақша қалай төленеді?
3 Қасыңызда ассистент бола ма?
4 Қандай да бір күтпеген жағдайда тіркелсе сізді ауыстыратын адам бар ма?
5 Түсірілім қанша уақытқа жалғасады?


6 Сіздің осыған дейінгі жұмыстарыңызды көруге бола ма?
7 Суреттерді өңдеу қанша уақытты алады?
8 Фотоларды қалай аламыз? Шығарып бересіз бе?
9 Фотокітап жасатуға бола ма?
10 Түсірілім орнына қалай жетесіз?


11 Фотосессия үшін қандай орындарды ұсынар едіңіз?
12 Осыған дейін шамамен қанша мерекелік кеш пен тойды түсірдіңіз?
13 Сіз қандай киімде боласыз?
14 Түсірілген фотолар сіздің сайтыңызға салына ма? Сізде сайт бар ма?
15 Сізде қосымша құрылғы бар ма?


16 Ақ-қара түсті  фотолар бола ма?
17 Төленетін соманың ішіне суреттерді шығарып беру кіре ме?
18 Тойдың фотосессиясына қандай кеңес берер едіңіз?
19 "Love story" түсірілімін жасауға бола ма?
20 Қандай да бір қосымша реквизиттер қарастырылған ба?