Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Кісі мен Көлеңке

Кісі мен Көлеңке

Кісі мен Көлеңке

Айтайын бір тентектің әңгімесін,

Демеңдер: "сөз қып жазды мұның несін?"

Есі ауыс көре сала қуалады,

Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.

Бұл қуса көлеңкесі алыстады,

Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.

Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,

Болғанша бар өнерін қарыштады,

Тентектің бір мезгілде кірді есі.

"Әуре боп қуып, маған қажет несі?"

Осылай ойлап, қайта жүріп еді,

Артынан қуды енді көлеңкесі.

Кейбіреу қыдыр дарып қараса бақ,

Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.

Қайрылмай қарағанда, бақ- дәулетке,

Артынан қуалайды қайтарып ап.

   Қателеспесем Ахмет Байтұрсыновтың мысалы. Әлде басқама кім біледі? Бірақ бәрібір жақсы мысал!!!


1665 10
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 07 маусым 2012, 17:42
Тегтер: Бүгін мен осы мысалда айтылғандай тентек болдым!
Пікірлер
+0
07 маусым 2012, 18:11

)))))))) Тентек қыз болдың ғой :D

+0
07 маусым 2012, 18:16

ия Айтпаңыз осы сайтқа алдын тіркеліп құпия сөзімді ұмытып қалып кіре алмай ашуланып жүрдім 1ай бойы. Сөйтсем қайтадан тіркелуге болады екен ғой енді миым жетті сөйтіп тіркеліп бүгін сіздердің қатарларыңызға қосылғаныма қуанып тентек болдым ғоооооой мен!!! Яғни Қатты Қуандым!!!)))))

+0
07 маусым 2012, 18:17

тегіңді оқығында барып түсіндім))

+0
07 маусым 2012, 19:48

әйтеуір түсініпсіз ғой!

+0
07 маусым 2012, 21:59

Бұрында бір данышпан үйінің есігі қағылыпты. Барып ашып қараса, бір есек тұр екен. "Сен кімсің?" дейді данышпан. "Мен дүниямын" дейді. "Құйрығың неге келте? Басың неге ісіп кеткен" деп сұрайды данышпан. "Соңымнен дүниеқоңыздар қуып-қуып құйрықтан құйрық қалдырмады. Бәрібір ұстатпай қаштым. Ал маңдайым ертеңін ойлайтын, иманды жандарға барғанда тас төбемнен ұрып, қуып жібереді" депті. Данышпан да, басынан бір қойып, "бар, жолыңнан қалма" депті

+0
07 маусым 2012, 22:01

Осы хикаяға ұқсайды екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев