ӨркенӘліп№2 – Қазақша универсал латын әліпбиі

ӨркенӘліп№2 – Қазақша универсал латын әліпбиі
жеке
блог

ӨркенӘліп№2 – Қазақша универсал латын әліпбиі

Негізгі таңбалар

Латынша

Кирилше

Латынша

Кирилше

Басылуы

Аталуы

Оқылуы

Басылуы

Аталуы 

Оқылуы 

A a

а

а

N n

ен

н

B b

бы

б

O o

о

о

C c

шы

ш

P p

пы

п

D d

ды

д

Q q

ку

 

E e

е

е, (э)

R r

ер

р

F f

еф

ф

S s

ес

с

G g

гі

г-ғ

T t

ті

т

H h

һа

һ

U u

ұ

ұ

I i

і

і, (ы)

V v

 вый

 в

J j

жі

ж

W w

дабылу

у

K k

кі

к-қ

X x

хы

х

L l

ел

л

Y y

ай

й, (и)

M m

ем

м

Z z

зет

з

 

Қосымша таңбалар және құрамалары

Құрама таңбалар

Латынша

Кирилше

Латынша

Кирилше

Ықшам

Құрама

Аталуы

Оқылуы

Құрама

оқылуы

Ä ä

AE

ә

ә

СС

щ

Ö ö

OE

ө

ө

CH

ч

Ü ü

UE

ү

ү

TS

ц

Ŋ ŋ

NH

ың

ң

YA

я

Ĭ  ĭ

I`

ы

ы

YW

ю

`

 

жуандық

 

YO 

ё 

 

Толықтыру:

 

1)    Қазақтың төл дыбыстары: а, ә, б, в, г(ғ), д, е, ж, з, й, і, к(қ), л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы. Барлығы 26 дыбыс. Қабылдануға тиісті кірме дыбыстар: в, ф, х, һ. Балығы 4 дыбыс. Осы кірме дыбыстарды қазақ тіліне қабылдау тілімізді тек қана байыта түсетіні сөзсіз. Бұлардың барлықтары таза дыбыстар болып табылады;

2)    Ч, Ц дыбыстарын қазақ тіліне қабылдауға болмайды. Біріншіден бұл дыбыстар таза дыбыс емес, ч-тш, ц-тс дыбыстарының құрандысы. Екіншіден бұл дыбыстар қазақ тілінің табиғатына сай келмейді, төл қазақ тілі таза әрі жұмсақ дыбыстардан құралады. Үшіншіден бірқатар түркі тілдеріндегі [ч] дыбысы қазақ тілінде [ш] болып келеді, м: чана-шана, ача-аша, чай-шай, қач-қаш. Егер біз [ч] дыбысын қабылдасақ түркі тілдері арасындағы осы сәйкестік заңдылығы бұзылып, тілдік алшақтауға соқтырады;

3)    Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбйінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында орыстың [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек еді. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар, түрік, қырғыз, қарақалпақ тілдерінде [и] болып келеді, яғыни қазақтың [і] дыбысының орынына оларда [и] дыбысы қолданылады. Түркі тілдері арасындағы бұл дыбыстық сәйкестікті сақтап қалғымыз келсе тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастағанымыз жөн;

4)    Yқазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Латын және ағылшын тілдерінде бұл дауыссыз қысқа [й] дыбысына қолданылады. Қазақ тіліндегі «r» «w» «y» «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде  [і]-[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстарымен [і]-[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: sĭylĭk, uw, uwĭs, kiyw, jetisw, süwret, tĭyĭm, kelw, ädeby, kĭltyma, Atraw, kĭzĭl,  karz, träktr, t.b.;

5)    C – «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы болды. Жаңәліпте де [ш] дыбысы осы таңбамен берілген. Өзі ықшам болғандықтан шш тіркесін беруге қолайлы әрі көп орын алмайды. Тағы бір жақтан тіліміздегі ш дыбысы түрік тілінде ч дыбысы болып келеді. Ал тұрік тілінде ч дыбысын ҫ таңбасымен белгілейді. Ал бұл өз кезегінде с таңбасымен көріністе біршама жақын. Сондықтан онымен [ш] дыбысын белгілеген жөн;

6)    X – классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз. Сондықтан бұл әріпті [х] фонемамызға қолданғанымыз жөн. М: xalĭk(халық), asxana(асхана), Abĭlayxan (Абылайхан);

7)     H – қазақ тіліндегі [һ] дыбысын белгілеуге арналды. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек қолданылғанымен, құрама дыбыстарды жасауда өте қажет дыбыс таңбасы. Сондықтан бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. М: sh, th, ch, ph, nh, kh, zh;

8)    Тіліміздегі [қ], [ғ] дыбыстарына жеке таңба арнауға болмайды, оларды [к], [г] дыбыстарымыздың жуан сыңары деп қарап, ортақ таңба арнауымыз керек. 1) Бұл дыбыстар тілімізде парықтау рөлін ойнамайды, м: қара-кара, қыпшақ-кыпшак. 2) Бұл дыбыстар жоғалып кеткеннің өзінде тіліміздің грамматикалық құрылымдары мен фонетикалық заңдылықтары бүліне қоймайды. 3) Егер оларды жекелей таңбалсақ, арап, парсы, европа тілдерінен үндестік заңымызға бағынбайтын сөздер көптеп еніп, тіліміздің үндестік заңын бүлдіруі мүмкін, м: қәхвә, қәбилә, қәйерде, ғәнибет, категория, компания т.б. 4) Ортақ таңбалау арқылы европа тілдерінен тіпті арап-парсы тілдерінен сөздерді тіліміздің заңдылықтарына бағындырып қабылдауға жол ашамыз, м: матыматика (математиқа), грамматика (ғрамматиқа), кәхвә (кәхвә), кәбилә (кәбилә), логика (лоғиқа). Тағы бір жақтан түрік тіліне жақындай түсеміз. Осындай тәсілді пайдаланған қырғыз, түрікмен тілдері қазірге дейін пайдасын көріп келеді. Олар орыс, европа, арап, парсы тілдерінің сингармонимсіздік ықпалын осы жол арқылы сәтті тойтарып келеді.;

9)    Латын тіліндегі дауысты дыбыстар: a, o, u, i. Бұдан байқалатын заңдылық латын дыбысының дауысты дыбыстары қысқа әрі ықшам таңбалармен белгіленетіндіктерінде. Сондықтан қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар да осы тәрізді таңбалармен белгіленуі керек: Ää [ә], Öö [ө], Üü [ү], Ĭĭ [ы] . Қазақ тілінде і-ы дыбыстары өте көп қолданылады. Бұл дыбыстар қысаң дауысды дыбыс болып білінер-білінбес түрде сөз құрауға қатысады. Ал і, ĭ таңбалары өте ықшам болғандықтан осы білінер-білінбес дыбыстарды таңбалауға өте ыңғайлы болып сөздердің жазылу көлемін ықшамдата түседі, м: kĭsĭlĭŋkĭ (қысылыңқы) tĭgĭlĭsĭŋkĭ (тығылысыңқы), kiyim (кійім), kĭykĭm (қыйқым).

10) Универсал әліпбидің ықшам түрінде бір дыбысқа бір таңба қолданылады: Ää [ә], Öö [ө], Üü [ү], Ŋŋ [ң], Ĭĭ [ы]. М: Äset (Aeset), saŋlak (sanhlak), Öskemen (Oeskemen), Ĭdĭrĭs (I`diris), Sĭganaq (Si`ganak), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) t.b.

 

Стандартты 26 таңбамен жазудың тәртібі:

(Бұл тек ресіми жазу формасы мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады)

11) Жуандық «белгісі  « таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi « қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: ki`ska [қысқа], uzin [ұзын], gi`lim [ғылым], alim [алым], korim [қорым], i`risti [ырысты].  t.b.;

12) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia [ыталия], Russia [рұссия], Francia [Праншия];

13) Бір буындағы  бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] (aera [әра] мыңжылдық), «ое» [ө] (poena [пөна] жаза) және «ue» [ү] (true [трү] шындық). Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset, aedemilik, oeskelenh т.б.;

14) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Europa [еуропа], causa [кауза] себеп;

15) Орыс тілінен енген «е» [йе] дыбыс таңбасы латыншада «ye» болып жазылады. М: Sanszbayev, Yelyena Yevgyeniy, Kazanbayeva, Aytbayev, Tsaryeva, Yekatyeriyna t.b.;

Ықшам түрінде:

Törtbak, teke köz, calbar bet karanĭ körseŋ, bul Arĭstanbaydĭŋ Mukĭcĭ eken de koy. Mukĭc ekenin sezdrwge özi de kumar. Ki`zmet basĭndagĭ adamdĭ körse, cĭrgalap sonĭŋ maŋĭnan cĭkpaydĭ.

Құрама түрінде:

Toertbak, teke koez, calbar bet karani koersenh, bul Aristanbaydinh Mukici eken de koy. Mukic ekenin sezdrwge oezi de kumar. Kĭzmet basindagi adamdi koerse, ci`rgalap soninh manhinan ci`kpaydi.

Кирилше:

Төртпақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де ғой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар. Қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды.             

Beyimbet Maylin “Aristanbaydinh mukici” ci`garmasinan uezindi.