Кемедегінің жаны бір
жеке
блог

Кемедегінің жаны бір

     Қазақстан Тәуелсіздігін алып, бөлек мемлекет болып шығу үшін көрген қиыншылықтары аз емес. Бүгінде ол тарих бетінде үлкен алтын әріптермен жазылып, әрбір жанның есінде сақталған. Сонымен қатар, қазақ халқы қиындықтағы өзі секілді басқаларға да жәрдем беруден қашпады. Қазақстан егемендігімізді алғаннан кейін Елбасы Н.Ә.Назарбаев көпэтносты елімізді бейбітшілікте, бірлік пен татулықта ұстауға барынша назар аударуда.

Қазақстанда 140  тан астам этнос өкілі тұрады. Және Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп айтылған. Мемлекетімізде мекен еткен әрбір адамның ұлтына, дініне, тіліне, таңдауына байланысты кемсітуге не озбырлауға болмайтындығы да ескертілген.

   Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары этникалық мәселе бойынша келеңсіздіктері болғаны рас. Әлі де болсын азаматтар арасында ұлтараздылық кикілжіңдер жоқ емес. Қазақ болсын, басқа ұлт өкілі болсын «патриоттық» сезімдерін жабыла отыра бір-біріне өшпенділік көрсететіндер де бар. Бұл, әрине, дұрыс емес. Басқа ұлт өкілін төмендете отыра, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін көрсету- жалған патриотизм. Патриотизмге қарағанда бұл әрекеттері көбінесе шовинизмге (өз мүддесін жақсы көрсету үшін, басқаны кемсіту) келеді. 

         Алайда, осы келеңсіздіктерді шешуге баса назар аударғанымыздың арқасында бүгінде басы біріккен елміз. Бүгінгі таңда әрбір қазақстандық азаматтың санасына  әртүрлі этнос өкілі болсақта, «бір мақсат, бір мүдде, бір бағыт » идеясымен жүретіндігімізді айқындап, қалыптастырудамыз.Сол себепті, еліміз «халықтар достығының лабораториясы» деген атаққа ие болды.

2008 жылы Президент «Қазақстан Республикасының Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойып, бүгінгі күнге дейін жасалып жатқан шаралары еліміздің толерантты мемлекет екендігінің белгісі. Басқа этнос өкілдерінің мәдениетін, салтын құрметтей отыра, дамытуына да көмегін көрсетуде.

Сонымен қатар, Республикада 15 тілде газет-журнал шығарылып, 8 тілде радиобағдарламалар таратылады және 11 тілде телебағдарламалар көрсетіледі. Мәселен, өзіміздің аудандық «Жаркент өңірі » газетіміз үш тілде таратылады. Ауданымызда қазақ мектептерімен қоса орыс, ұйғыр мектептері де бар. Әрине, бұл мемлекеттік саясатымыздың этносаралық және дінаралық келісім мен саяси тұрақтылығын нығайту жұмысын жүргізіп жатқандығының көрінісі. Этносаралық келісім- саяси тұрақтылықты кепілі!