Музыканың адам денсаулығына пайдасы

Музыканың адам денсаулығына пайдасы
жеке
блог

Heriot-Watt University (HWU) оқу ордасының ғалымдары алғаш рет мына тұжырымдарды дәлелдеп шықты:

* Блюз жанрының жанкүйерлері - креативті, көпшіл, сыпайы әрі тәкаппар.

* Джаз тыңдаушылары көбінесе - шығармашылық адамдары болып келеді. Олар жылы шырайлы болғанымен, олардың өзін-өзі бағалауы жоғары болады. Бұл жанр адамды демалдырады екен.

* Классикалық музыка жанкүйерлері - интроверт адамдар қатарынан. Бірақ соған қарамастан, олардың адамгершілікт қасиеттері жоғары және айрықша шығармашылық қабілеттері болады.

* Рэп тыңдармандары көпшіл, сөйлескіш болса да, сәл өзімшілдік қасиеттері болады.

* Опера жанрын сүйетіндер қатарында сыпайы, ашық шығармашылық адамдары жатады.

* Кантри-энд-вестерн тыңдаушылары еңбекқорлықтарымен ерекшеленеді, әрі айналасындағы адамдармен тез тіл табысады.

* Рэгги табынушылары өздерін жоғары бағалайды, креативті келеді, бірақ еңбекқорық - оларға тін емес.

* Ритмикалық би әуендерін сүйіп тыңдаушылар экстроверт адамдар болып саналады, олар шығармашылық тұлғалары, алайда әдеп жағынан мінездері қиын болады.

* Инди жанрының таңдармандарының өзін-өзі бағалауы көбінесе төмен болады, аса еңбекқор емес және нашар тәрбиленген болады.

* Болливуд жанкүйерлері (үнді фильмдеріндегі әуендер) бауырмал, жылы шырайлы болады.

* ауыр музыка тыңдаушыларында (хэви-метал (heavy metal), хардкор) өзін-өзі бағалау өте төмен болады. Алайда өте жоғары шығармашылық потенциалға ие.

* Рок жанрын «суицидшілдер» тыңдайды деген қате пікір бар. Бұл, негізінен, керісінше, жасөспірімдер ата-ана немесе басқалар да тарапынан тиісті қатынасқа ие бола алмаған жағдайда, энергияға толы рок музыкасын тыңдайды.

* Поп-музыканы романтиканы жақсы көретін адамдар тыңдайды екен. Романтика қазіргі өмірде өте аз болғандықтан, оны әуен мен ән сөздерінен іздейді екен.

 

«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат ететін де,

тыйым салатын да көптеген хадистері бар.

Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына байланысты

ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам десе,

 енді біреулері адамға пайдалысы адал,

ал зияндысы харам деп пәтуа берген»

(Қайрат Жолдыбайұлы)

Уақыт өте келе, техниканың дамуының да әсерінен денсаулықты сақтап, ауруды емдеудің түрлі тәсіл-жолдары ойлап табылуда.

Бізді үнемі музыка қоршап жүреді, ол қайда барсақ та шығады. Кей әуендер тітіркендірсе, келесі бірі өзіңе деген сенімділік ұялатып, көңіл-күйді көтереді.

Ғалымдардың айтуынша, жүйкесі сыр берген адамдарға ұлттық немесе классикалық әуендер көмек көрсетеді. Музыканың адам үшін пайдалы екені талассыз. Ол ең алдымен, адам миындағы ырғаққа да байланысты. Сондықтан да есейе келе адам байсалды әуендер тыңдауға әуестене бастайды.

Музыкалық фармакология деп аталатын ғылыми бағыттың барын барлығы біле бермейді. Мәселен, кейбір классикалық музыкалар сырқаттан тез жазылып кетуге әсер етеді.Тіпті, классикалық музыкаға қызығушылығы жоқ адам тыңдаса да, оған көп көмек көрсетеді. Кларнет пен флейтаның әуені қан айналымына жақсы көмектеседі деп зерттелген.

Моцарттың әуендерін аяғы ауыр әйелдерге тыңдауға кеңес беріледі, сонымен қатар, ол студенттердің де интеллектін арттыруға зор әсер етеді. Шекті аспаптардың үні артериалдық қысымның төмендеуіне себептеседі.

Ал рок стиліндегі музыка көп тыңдасаңыз, сіздің ұйқыңыз бұзылып, жүрек соғысына үлкен жүктеме береді, ашуланшақтық пайда болады, айналадағылармен қарым-қатынасыңыз да қиынға соғады.

 Қазақстанда медицина  мамандары музыка көмегімен әр түрлі ауруларды емдейді, ұлттық аспаптармен орындалған туындылардың пайдасы зор болады екен. Әр аспаптың үні белгілі бір органдарды сауықтыруға бағытталған. Алматы қаласында «Sal» атты музыка терпеясы да бар. Мұнда кәсіби музыка мамандары келіп, 45 минут емделушілерге аспапта әуен ойнайды. Астана қаласында да осы тәсілді пайдаланатын мамандар бар.

Осыдан үш жыл бұрын «Наша правда» бағдарламасының Қайратқа арналған санына Әсел есімді ананың келгенін көпшілік біледі. Қызы Әминаның дүние есігін ашқанында «жүрек ақауы бар» деп диагноз салған, кейіннен Қайраттың «Ауырмайды жүрек» әнін тыңдап, тілі шыққан соң өзі де айта бастаған. Дәрігерлік тексерілуден кейін ешқандай да жүрек ақауының жоқтығы анықталған. Ана бұны Қайрат Нұртастың әнінің арқасы деп топшылап отыр. Бұл, әрине, жай ғана сәйкестік болуы немесе арнайы сценарий болуы да мүмкін. Десе де, осындай мүмкіндікті де теріске шығаруға болмайды.

Мамандардың  айтуынша, төмен дауыста ән шырқайтын ер адамдардың композициясы науқастарға жақсы әсер етеді екен.

Музыканың денсаулыққа пайдалы екендігіне сенесіз бе?

Әркім әртүрлі жауап қайтарады. Бірі келіссе, енді біреулері теріске шығарады. Осы сауалнама жауаптарын екі бағанға топтастырдық.

 

Иә

Біріншіден, музыка тыңдаған кезде көңіліңді аулайды, яғни, ерекше көңілді болуыңа септігін тигізеді. Немесе ашуланып, жабырқаған сәтте жүйке тыныштығын береді.

Екіншіден, музыка тыңдаған адам билемей тұра алмайды. Демек, бұл – дене қозғалысын тудыратын факторлардың бірі.

Үшіншіден, әуенге бірге қосылып ән айту да пайдалы. Ол дауыс желбезегі мен тыныс алудың қалыптасуына дұрыс әсер береді.

3 минуттық ырғақтан алар әсер темекі мен есірткіден алар 3 минуттық «ләззат» тәріздес деп есептеймін. Бірақ әлдеқайда пайдалы.

Жоқ

Адамның денсаулығын жақсартуға келесі бір адам ойлап тапқан әуеннің әсер ете алатындығына сенбеймін.

Гитлердің: «Егер бір халықты мәңгүрт қылғың келсе, таңнан кешке дейін музыка тыңдат» деген сөзі бар.

Құран Кітапта да сөзінде жамандығы бар әуендерді харам санайды.

Жастар әуенді құлаққаппен тыңдайды ғой. Бұл – дұрыс емес. Құлағына зор зиян тигізеді. Кейін ауыратын болады не дұрыс естімейді.

 

Елордалық психолог Аяш Құрбаеваның музыканың емдік қасиеті туралы мынадай пікір білдіргенін  желіден байқап қалдым: «Көптеген  логопедтер тұтығуды музыкамен емдеп жүр. Күн сайын екі сағаттан Моцартты тыңдасаң,  ақаудан арылуға  жеткілікті екені анықталды.  Осылайша балалық шағында актер Жерар Депардье кекештіктен арылған. Алдыңда өзің шеше алмай жүрген міндет бар дейік. Жай ғана Моцартты тыңдаңыз.  Көп ұзамай күрмеуі қиын мәселеңіз  шешімін табады. Бұл композитордың әуені мидың қабығына әсер етіп, адамның парасатын көтеріп, тылсым күш береді. Бұл ғылыми дәлелденген факті. Қайрат Нұртастың эстрадалық жазбаларын пайдаланып, жүйкесі сыр бергендерді емдейді. Төмен дауыспен ән айтатын ер адамдардың композициясы науқастарға жақсы көмектеседі».