Арақ пен адам
жеке
блог

Арақ пен адам

  Ол жігітпен бір оқу орнында оқыдық.Ақкөңіл,домбыраға жаны үйір.Тұрмыс тапшылығының кесірінен дәл бітіретін жылы оқуын тастап кетті.Жаны күйгенде өзін арақпен жұбататын.Ішіп алады да Мұқағалидың өлеңдерін оқиды.Әкесі өмірден ерте озған,ағасы мен інісі,анасы бар.Оқу бітіріп тағдырдың тарам жолымен кеттік.Қайбір жылы(ұмытпасам 2015 жыл)вокзалда жолықты.Тағы да ұрттап алыпты.Ананы мынаны әңгіме қылып отырып:"-Келер жылы отызға толамын.Сол күні арақты қоямын.Өзгеремін."

     Келер жыл да келіп жетті.Ортақ таныстарымыздан сұрастырдым.

"-А,ол ішуді қойды.Жері бар екен,соны сатып,машина алып,азын аулақ саудамен айналысуда".Шын қуандым.Кейін жолықтым,қонақ қылды.Түнгі екі үшке дейін домбырамен ән айттық.

  -Досым,мен бір қызды ұнатамын,соған үйленсем деп едім..Сенімен де таныстырайын,көріп,пікір айтшы,-деді.Келістім.Кездестік.Екеуіне бақыт тіледім.

Арада екі айдай уақыт өтті.Досым қоңырау шалды.Удай мас.(Арақ қойғаны қайда?).Жыламсырай сөйледі:"-Оның басқа жігіті бар екен,уф өзегім өртеніп барады..Менің осы құлай сүйетінім жаман.."

Ойға қалдым.Бұл не?Морт сынғандық па?Арақ естен айырмаса,жанды жұбатпайды ғой.Бірақ көп адам содан жұбаныш іздейді.Көп қылмыс содан бастау алады..Ал оны жеңгендер ерік жігері мықтылар,мүлдем ішпегендер тәрбиесі мықтылар.Ал Қазақстан спирттік өнімдер тұтынудан әлемде 34ші орында көрінеді.

Әлгі досым хабарласты,айтуынша емшіге барып қойып келіпті.Ем болсын.Тобықтай түйін:жан жұбанышын да,қуанышын да арақтан іздемейікші ағайын!