Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз...

Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз...

Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз...

Маусымның  ақ таңымен таласа оянып, жұмыстарымды ерте бітірейін деген ниетпен аялдамада автобус күтіп тұрмын. Таңғы Алматы да мен секілді көңілсіз екен. Автобус кешікті. Айналама көз жүгіртіп қарасам,  бірін-бірі қағып-соғып, зырлдап жүріп жатқан адамдар... Қайда екені белгісіз, әйтеуір,  бәрі асығып бара жатыр. Саны жоқ машиналар...автобустар...троллейбустар...трамвайлар. Олар да асығыс...

Арман қуып Алматыға келгеніме екі жылдың жүзі де  болыпты. Дәл осы адамдардай зырылдап, мақсаттарыма қол жеткіземін деп асығып жүргенімде екі жыл көзді ашып жұмғандай өтіп кетті. Ойлап қарасам бітірген дымым жоқ екен. Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарар деушімеді?!

Жалпы адам деген қызық жаратылған нәрсе-ау! Туады, өседі, өледі.  Осы үш ұғымның арасында күйгелек ғұмыр кешеді. Бір нәрсеге ұмтыласың, талпынасың, өзіңнің шамаң кетпейтінін білген соң тағдырдан тілейсің, күтесің. Жоқ! Сол –жоқ, қанша күтсең сонша күт, онымен  тағдырдың да, адамның да шаруасы болмайды. Сонан соң көнесің, көндігесің, үйренесің, мойынсұнасың. Жылдар өтіп жатады, демек,сенің өмірің өшіп жатады. Қаратаясың. Сонымен біттің...

26
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 05 маусым 2012, 15:20
Тегтер: өмір, адамдар

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.