Мақалға терең үңілсек
жеке
блог

Мақалға терең үңілсек

   Қол бұлғады

« Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады. 

 

    Аузы-мұрты

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.

 

     Бар арман

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

-Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

-Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.


     Қайқайды

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

-         Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.

  Сүлеймен Баязитов