Балаларға көмектескіңіз келсе...
жеке
блог

Балаларға көмектескіңіз келсе...

Егер сіз

белсенді қоғам мүшесі болсаңыз;

балаларға арналған арнайы оқу орталығын ашқыңыз келсе;

науқас балаларға арнап білім беру жүйесін ойластырсаңыз;

спорт алаңдарын салуды жоспарласаңыз;

балалар қауіпсіздігін қамтамасыз еткіңіз келсе;

онда міндетті түрде «Reach for Change» байқауына қатысыңыз. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын бұл ұйымның мақсаты сіздей жандарға көмектесу. 15 қазанға дейін өз ұсынысыңызды жолдап, бағыңызды сынап көріңіз. Үздік деп танылған екі жобаға 700 000 теңге қаржы бөлінеді. Байқауға 18 жастан 29 жастағы кез келген ҚР азаматы қатыса алады. Байқаудың шарттары жайлы менің алдыңғы жазбамнан біле аласыздар. Іске сәт, достар!