Сақтандыру жайлы не білесіз?!

Сақтандыру жайлы не білесіз?!
жеке
блог

Айтыңыздаршы, осы уақытқа дейін сақтандыру компаниясының қызметіне жүгініп көрдіңіз бе?! «Иә» деп жауап бергендердің көпшілігі міндетті сақтандыру негізінде заңға сәйкес жүгінген болар. Яғни, шетелге шығу үшін медициналық сақтандыру полисін алған шығар, жыл сайын авто көлігін сақтандырып жүрген шығар. Ал өміріңізді, жеке бас мүлкіңізді, тіпті, жүрген жолыңызды сақтандырып көрдіңіз бе?!

«Kompetenz» сақтандыру компаниясы қазіргі таңда автокөлікті, мүлікті, жеке басты сақтандыру бойынша қызмет түрлерін ұсынады. Жақын арада компания өз тұтынушыларына сақтандыру бойынша жаңа қызмет ұсынбақшы. Мобильді қосымша бойынша кез келген адам жүрген жолын сақтандыра алады. Ол үшін ол осы ара қашықтықүшін сақтандыру қызметіне жүгінуі керек. Яғни, А бекетінен Б бекетіне жол жүрген жағдайда осы ара қашықта жол апатына ұшырап, денсаулығы зардап шексе, ол сақтандыру компаниясынан өтемақы ала алады. Сондай-ақ, бұл қызмет арқылы үйді де сақтандыруға болады. Бірнеше күнге қонаққа, іс-сапарға, алысқа демалысқа кеткен жағдайда үйіңізде ешкім болмай қалса, осы қызметті қолдана аласыз. Үйде ешкім жоқ кезде аяқ асты төтенше жағдай орын алғанда сақтандыру компаниясы тарапынан сізге өтемақы беріледі.

Бұл қызметті өзге ешбір сақтандыру компаниясы көрсетпейді. Мобильді қызметтің көп ұзамай Beta-нұсқасы іске қосылады. Сол кезде тұтынушылар қызметті іс жүзінде тексеріп, пайдалана алатын болады.