"Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ұлттық руx-руxани жаңғырудың негізі" атты Асылы Османмен кездесу кешi өтті

"Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында  "Ұлттық руx-руxани жаңғырудың негізі" атты Асылы Османмен кездесу кешi өтті
жеке
блог

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен, "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында  "Ұлттық руx-руxани жаңғырудың негізі" атты Асылы Османмен кез­десу ке­шi өтті

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру, тiлге құрмет – елге құрмет екенiн сезiндiру мақ­сатында ұйымдастырылған кез­десу кешiнде Асылы Османның өмiрi мен шығармашылығы жай­лы, филолог-ғалымның еткен еңбегi мен жетiстiктерi баяндалған сырласу кешi студенттерге керемет әсер қалдырды. Кездесу барысында мемлекеттiк тiлдiң жанашыры Асылы Әли­қызының қазақ тiлiнде қорғаған диссертациясы, 300-ге жуық ғылыми мақалаларының жарық көргенi, «Қазақ тiлiнiң түсiн­дiрме сөздiгiнiң» 10 томдығын құрастыруға белсене қатысқаны, қазақ халқы, қазақ тiлi жайында айтылған өткiр де терең ойлы қанатты сөздерi («Қаным қазақ бол­маса да, жаным қазақ!». «Абай мен Әуезовтi оқымаған қазақ қазақ емес») ҚазҰУ студенттеріне рух бердi. Сонымен қатар, қазіргі таңда еліміз үшін ең маңызды мәселелердің бірі латын әліпбиіне көшу жөнінде сөз қозғалды.


   Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде елбасымыздың кезекті жолдауында латын қарпіне көшу туралы айтылған болатын. Әр факультеттің студенттері соған байланысты Асылы Әлиқызына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

 Асылы Осман мемлекеттік тілдің тағдыры туралы өз ой толғамымен бөлісті. Мәдениет қайраткерін ана тіліміздің шын мәніндегі айғайшысы деп айтсақ мүлде қателеспеспіз. Иә, өзге ұлт өкілі болса да жаны қазақ, тілі қазақ, жүрегі қазақ деп соғатын Асылы Әлиқызына таң қалып, ұйып тыңдамаған жастар болмады. Ө.Жолдасбеков атындағы үлкен залда өткен кездесуге 300-ге жуық студенттер, көшбасшылар, өзгеде университеттен басты кейіпкерімізбен кездесуге қонақтар да келді. Кездесу соңында студенттер Асылы Әлиқызына деген ар­науын оқып, қолтаңбасын алып, суретке түсті. Кеш жоғары деңгейде өттi. Керемет кездесуге қатысқан барша студенттер Асылы Әлиқызының ой аларлық сөздерінен ерекше рухпен қайтты.