"Армысыңдар, адамдар!"

"Армысыңдар, адамдар!"
жеке
блог

Армысыңдар, адамдар!
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар әлемді баурына алып шайқаған!

Мұқағали Мақатаев

Ассаламуалейкум массагеттіктер! Біраз уақыттан бері осы сайттың тұрақты оқырманы болсам да, блог бастауға батылым бармай жүр еді. Оған уақыт жағы да мүмкіндік бере бермейді. Адамдар алғашқы жазбаларында не жазады екен деп бірер күн ойланып та жүрдім. Нәтижесінде алдымен өзімді таныстыруым қажет шығар деп шештім. Есімім - Марфуға, тегім - Шапиян (Біреулер ойлағандай ешқандай псевдоним емес, өз атым мен атамның есімі осылай)) "Аңыз адам" деген журналда жауапты хатшымын (өзімше айтсам, шала бастық))).

Кітап оқу, саяхатқа шығу секілді өзге де қызық дүниелердің барлығымен айналысқанды ұнатамын. Сіздерді өмірімде орын алған ерекше оқиғалармен таныстырып, оқыған маңызды дүниелеріммен бөлісіп отырамын деп ойлаймын. Және біздің "Аңыз адам" журналы небір талантты тұлғаларға арналатыны себепті, сол тұлғалардың халық біле бермейтін қырларын да менің жазбаларым арқылы оқып отырасыздар деген ниеттемін.