Махаббат жайлы

Махаббат жайлы
жеке
блог

Күздің алғашқы күнінде еліміздің барлық кинотеатрларында «Махаббат жайлы / Про любовь» фильмі көрсетіле бастайды. Әдетте, көпшілік ресейлік киноларға «Шетелдік режиссерлердің туындыларының көшірмесін жасап шығарған» деп сын көзбен қарайды. Бірақ, бұл фильм ешқандай да көшірме емес.

Фильмде бірнеше режиссер жұмыс жасаған: Руминов Павел, Наташа Меркулова, Алексей Чупов, Евгений Шелякин, Нигина Сайфуллаева, Резо Гигинеишвили. Ал продюсері Анна Меликян.

Фильмде бірнеше жұптардың өмірі суреттеледі. Олардың әрқайсысы өз жұптарын табуға, отбасын сақтауға тырысады, махаббаттарының баянды болуы үшін күреседі.

Комедия жанрындағы кино кім-кімге болса да қызықты болары сөзсіз. Егер де уақытты көңілді өткізгіңіз келсе, міндетті түрде, осы киноны көруге барыңыз.

БАҚ өкілдеріне арналған алдын ала көрсетілім үшін «Меломан-Афиша» компаниясы мен «Lumiera Cinema» кинотеатрына алғыс айтамын!