Өмір сондай...
жеке
блог

Өмір сондай...

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы орны да ерекше. Тек ағылшын тілін ғана емес, қандай да бір тілді жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықтар арасындағы қарым-қатынаста айрықша рөл атқарады. Осы жағдайды және өз қызығушылықтарымды ескере отырып мен кәріс тілін меңгеруді бастаған едім.

Әртүрлі тақырыптарды өткен сайын, жаңа сөздерді үйреніп, білген сайын күнделікті тыңдайтын кәріс әуендері мен көріп жүрген драмаларымның мағынасын, әрбір сөзіне дейін түсіне бастадым. Егер сіз де шет тілін үйреніп жүрген болсаңыз бұның қандай сезімдер сыйлайтынын білетін боларсыз.

Сонымен көңілімде қалған кейбір кәріс драмалары  мен қазір көріп жүрген драмаларымдағы кейіпкерлердің терең ойлы афоризмдерін сіздермен де бөліскім келді. Корей толқыныныа қызығатындарыңыз кейбір афоризмдерді біліп те қаларсыз, бәлкім.
크리미널 마인드 (Мыслить как преступник)
      *Біз өткен шағымыздағы "өзімізді" құтқара аламыз. Барлығы өз қолымызда.
      *Егер онлайн қарым-қатынас қана болмаса, мен шын өмірде адамдармен араласа алмаймын.
      *Қорқыныш - адамдарды билеп-төстейтін қуатты қару.
      *"Жалған сенім ақиқат үшін өтіріктен да қауіпті."- Фридрих Ницше
닥터스 ( Врачи)
      *Отбасылық қарым-қатынастар ең қиыны. Жарасы ауыр және басқаларынан гөрі үлкен әсер тигізеді.
      *Әділеттілік өзен секілді, бізге көрінбейтін алыстарға ағып кете барады. Біздің көзқарастарымызбен сәйкеспейді.
역도요정 김복주 (Фея тяжелой атлетики Ким Бок Чжу)
      *Бір ұлы сөз бар: "Қасыңдағы жолдасың тағдырыңды шешеді".
      *Егер өз-өзіңді жек көрсең, кімге ұнамақшысың?
      *Өтірік шындыққа айналу үшін оны 7 рет қайталау қажет. Бірақ бұл өтірік келесі өтірікке себеп болып, оның кесірінен жаңа бір өтірікті ойластырумен мен нағыз өтірікшіге айналдым.
써클 (Круг)
      *Жаман естеліктер - олар да біздің өміріміздің бір бөлігі. Қайғылы,қатыгез, қорқыныштылығы маңызды емес... Бәрібір олар сенің бір бөлшегің.
      *Әдетте ең бірінші орында тұрған адам - барлығына жау.
도깨비 (Гоблин)
      *Өмір мен өлімнің арасында тұрып ең бағалы тілегіңді тіле. Сонда қайырымы шексіз жаратқанның нұры саған да түсер.
      *Егер құдай бізге тек шамамыз жететін сынақтарды ғана беретін болса, бұл жолы ол қателескен секілді.
      *Бұл қыз тап бір нәзік қоңыраугүл іспеттес. Мені өзіне бар ғаламның тартылысынан да күштірек тартты.
학교 2017 (Школа 2017)
      *Барлығымыз да өтірік айтамыз. Біреуді қорғау үшін. Тіпті бірдеңені жасыру үшін. Ал сол өтірігіміздің тигізген зияны үшін өзіміз жауап беруіміз керек. Кейде осы өтіріктің астарында ешкімнің көзі жете бермейтін  үлкен бір шындық жасырынады. Міне, өтірік неден тұрады.
힘쎈여자 도봉순 (Силачка До Бон Сун)
      *Мен өз дегеніне жетпей тынбайтын адамдардың қатарынанмын.
Ал сізге ұнайтын афоризм бар ма?