Азан шақырылған есімдер...

Азан шақырылған есімдер...
жеке
блог

    Қазақтың даналары мен дараларының еңбектерін білмейтіндер аз. Елдің берекесі, бірлігі үшін түн ұйқысын төрт бөлгені де жасырын емес біздің бабаларымыздың. Еңбектерін білгеніміз сияқты олардың шым есімдерін білеміз бе? Білмесек бұл пост баршамызға керек.

           АБЫЛАЙ ХАН – азан шақырып қойған аты ӘБІЛМАНСҰР екені баршаға аян.

           МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ – негізгі есімі АДАМ ЖҮСІП. 9 жасында қисса дастандарды жатқа айтқандығынан атың Мәшһүр болсын М.Шорманұлы атаған. 

           ШОҚАН УӘЛИХАНОВ - ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ. Шоқанның азан шақырып қойған аты – МҰХАММЕДХАНАФИЯ! Әжесі Айғаным Шоқаным деп еркелеткен. Сөйтіп аты Шоқан аталыпып кеткен. 

            АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – ақын. Қара сөздерін оқымаған адамдар аз шығар сірә. Оқу арқылы ақылын жетілдіргендер өте көп. Дана Абайдың шын есімі -  ИБРАҺИМ. Ибраһим пайғамбардың аты екені баршаға белгілі.

           БАЛУАН ШОЛАҚ – жауырыны жерге тимеген палуан. Балуаншолақтың шын есімі – НҰРМАҒАНБЕТ. Яғни «Нұр Мұхаммед» деген сөзден шыққан.

         БАЛА БИ – азан шақырып қойған аты БИМЕНБЕТ. 

         ҚАНЫШ СӘТБАЕВ - Азан шақырып қойған аты ҒАБДУЛҒАНИ. Анасы Салима баласын еркелетіп Қаныш дейтін, содан Қаныш аталынып кетті.

         СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН - қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері. Сәкеннің азан шақырып қойған есімі – СӘДУАҚАС. Пайғамбардың «Саад бин Әбу Уаққас» атты сахабасы болған. Сәкеннің есімі содан шыққан. Бұл да бір қызық ақпарат. 

         МӘНШҮК МӘМЕТОВА – қазақтың батыр қызы. Азан шақырып қойған аты – МӘНСИЯ! 

         ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ – қазақтың дара компазиторы. Әндерін барлық әншілер орындайды. Сол Шәмші ағаның азан шақырып қойған аты  - ЖАМШИД! Тағы бір қызық ақпарат. Шәмшінің әкесі Қалдаяқтың есімі Қалдаяқ емес. Аяғының қалы болғаннан соң Қалдаяқ деп аталып кеткен. Ал, шын аты ӘНЕПИЯ! 

Мен білетін ақпарат осы...