Жүректен шыққан әңгіме

Жүректен шыққан әңгіме
жеке
блог

Құрметті қолданушы мені міндетті түрде оқысаңыз!!!

Ал енді қолданушы қош келдің! Мен де сіздер сияқты қолданушымын, бұл жазбада жазғым келгені өзімді танытып, атақ-мансап жинайын деген ойым жоқ. Тек айтқым келгені Қазақстанның болашағы туралы болмақ!

Яғни білесіздер қазіргі күндері тілім, дінім, ділім деп атойлап дабыл қаққан қазақ азаматтары көп. Оларға мың алғыс! Бірақ солардың ішінде нағыз ерлік танытып, осы айтқандарды дамытуға өз үлесін қосқандар тым аз-ақ. Осы мәселе адам жүрегін қатты қынжылтады. Қолданушы егерде сіз өзіңізді тілмен айқайлап, екі жағыңызды ауыртып жүрген болсаңыз, мен сізді сабырлылыққа шақырамын! 

Ең алдымен ойыңызды толық қортындылап алыңыз. Яғни менің бұл сөздерімнен не шықты, қазақ тілі деп айқайладым не шықты деп ойлансаңыз. Менің ойымша ешнәрсе шықпаған сияқты! Ал енді қолданушы найзаның ұшымен, білектің күшімен келген бұл нығметтерді, яғни аманатты келешек ұрпаққа сау күйінде жеткізсек. Қазақтың тілі, діні, ділі жүгіру жарысында бір спортсменнің қолынан екінші спортсменнің ұстатылған таяқ сияқты. Түсінгеніңіздей бұл таяқ біздің қолға тиді! Финишке жеткізетін де біз! Яғни бұл елді көтеретін біз ғана, жастар! 

Айқайлап болдық, енді қалай өзімді көрсетемін деп ойласаң, алдыңда бір шаблон тұр, ол ерлікті танытып, ел көсегесін көгертуге ат салысқалы отырған сайттардың бірі massaget.kz. Сенде қазақ тілінің дамуына өз үлесіңді қоса аласың! Тек қана осы сайттың оң жақ бұрышында тұрған, материал қосу бастырмасын бассаң жетіп жатыр!

  Бастырманы басуды қиын көрсең, басқа жодастарыңа, туысқандарыңа, жолда көрген адамдарға осы сайттың бар екенін айтсаң деген ойдамын! Маіl.ru, Facebook та қолданып жүрген болсаң жай ғана өз блогыңа massaget.kz деп жазсаң жеткілікті! Youtube-қа қысқа видео жасап тастасаңда ешкім ренжімейді!

PS Ешкімді жарнамалайын деген ойым жоқ, тек қана қазақ тілін дамытуға ат салысқан қазақ сайтының бастамай жатып, отының сөнбесі үшін, бірігіп бір жұдырық болып, дамуына ат салысайық дегенім!!!