АЛМАТЫДА ШАЛҚЫП БАСЫП ЖҮРЕТІН... (Мұқағали)

АЛМАТЫДА ШАЛҚЫП БАСЫП ЖҮРЕТІН...                                                                                    (Мұқағали)
жеке
блог

 

1. Өзім жайлы...
Айгүл Болатханқызымын. Осыдан 23 жыл бұрын өзге өңірдің өрім жастарындай ару Алматыға келдім. Табан тіреген жерім – ҚазМУ-дың журналистика факультеті. 
Ширек ғасырға жуық жылдарым осы қалада өтіп келе жатқандықтан сұрағандарға «алматылықпын» деймін әзілдеп. Әртүрлі салада жұмыс істегеніммен мен – жазудан, шығармашылық орта менен ажырамаппыз.
Айтпақшы, туған жерім - «Күн асығып шығатын» (Қ.С) Шығыс Қазақстан облысы. Күршімнің қызымын. 
Мінезім тік, бірбеткейлік басым. Өзімнің ұстанымыма барынша берікпін. Адамгершілікті бағалаймын, қалтасында он дипломы болса да, адамшылықтан жұрдай адамды сыйлағым келмейтін қырсықтығым тағы бар...

2. Хоббиің не?

Хобби дегеніміз құмарлық шығар... Құмар ісім көп. Гүл өсіру... Тоқыма... Күнделік жазу... Кітап оқу... Осының барлығына уақыт табам және жалықпаймын.

 3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Кезексөзді ұсынған Айжан айтпақшы, тауы мен суы бар жер маған да жақын. Алтайдың қызының Алатауға қоныс аударып, тұрақтап қалғаны тегін болмаса керек. Еркелеп аққан ерке Ертістің жағасында өскендіктен бе, «болашақта Есілдің жағасында немерем өссе...» деген арман да жоқ емес, бұйыртқаны болар... Бала кезімнен Қазақстанның барлық жерін аралап шығуды мақсат еткем. Біраз жерде болдым да. Шетелге аса қызықпаймын. Десе де, Парижді, Тәж-Маһалды көргім келеді... 

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Ойланып көрмеппін... Тағы да Айжанның жауабының ұнағанын жасырмаймын... Ошақ басының ұсақ-түйек әңгімесін сөз етуден басқа қолынан түк келмейтін ынжық, жасық бөріктілердің орнында болсам... «Сүзеген сиырға құдай мүйіз бермепті» дегендей, затым әйел болған соң, амал жоқ...

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Ит үргенге үндеме, өзіңді үстем санасаң...

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есіңде ме?

...Енді ше?! ))))))))))))))))

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)? 

Өзімнің ерке-е-е-е сіңлімді –  Елікқызымды. Сосын ең жақсы бауырымды. Өзі біледі)))))).
 
8. Сүйікті әншің, артисің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Хм-м... Менің саясатта шаруам болған емес... Бірақ кейбір «ішкі саясат» менімен айналысты... Әзіл-шыны аралас, әрине...
Қатты жақсы көріп сыйлайтын адамым әрі үлгі-өнегесін көріп жүрген адамым, ол – менің Зейнеп (Ахметова) апам. Іскер басшы ретінде барлық жерде есімін мақтанышпен айтатын мен үшін ең қымбат адамның бірі  –  Серік Жанболат.
Ақындарым – Қалқаман Сарин мен Есей Жеңісұлы (барлық ақындардың өлеңдерін оқимын, өлеңді барынша жиі оқып жүрген адамның жаны тазара түседі), әншілерім – Мейрамбек Бесбаев пен Мақпал Жүнісова. Әрқайсысының үлгі етер тұстары жетерлік. Жалпы, өзіңнен үлкендер  ұлағатты болса...

9. Сүйікті спорт түрі?

 Мықты жанкүйер шығармын... Спортшылар туралы қалт жібермей оқимын. Әсіресе, қазақ спортшылары жайлы...

10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

«Өтелмеген парыз». Аталмыш фильмге актерлердің қалай іріктелгені жөнінде Р.Қараева кезінде «Жас Алашқа» жазған. 

11. Үйде кім басшы болуы керек деп ойлайсың?

Кім ақылды болса, сол! Әзілім, әрине.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Қазіргі ерлі-зайыптының арасында «сенікі», «менікі» деген ұғым пайда болған. «Біз» деген ортақтық жоғалып бара жатқан сияқты... Ақшаны әйел берекесін кетірмей ұстауы керек деп ойлаймын.

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

 Бармауым да мүмкін))))))). Әрине!

14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз? 

Талқаны таусылғанша өзіне тиісті өмірінде соңынан із қалдыра білу шығар... 

15.  Айжанның сұрағы – өмірде ең үлкен тілегіңіз қандай? 

Бір ғана тал ұлым бар, Асекем – Асқар тауым. Сол ұлымның балаларының сүйікті әжесі болу))))). Асқарыма әпке болып жүрген өзіме қымбат жанның бақытты-ы-ы ғұмыр кешкенін көру. Жалпы... Бәйгеден оза шапқан Құлагерінің алдынан Батыраш болып, қастандық та жасай салатын барша қазақтың амандығын тілеу...
Кезекті Нұрзия алса... (өкінішке қарай, кімдерге берілгенінен хабарым аз).  

Жауабын таппай қойған сұрақ кездесті ме? ))))))) (сұрағым – осы).