Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / " Туған тіл тұғырлы бол "

" Туған тіл тұғырлы бол "

Бұл күндер жүргені бір күйім келмей
Көңілде сұрау белгі иілгендей
Отанында орақ тілі мылқауланып
Қалармысың қазақтың бір сыйын көрмей

Шаттағың мен қайғыңмен көңілдегі
Жетелеген жанталас өмір легі
Сынықтан сылтау тапқан сайқал заман
Шырт-шырт сынып шындықтың шеміршегі

Төрелер туған тілін жетім деген
Шындығым — ол шараны шетінеген
Өзекті жарып шыққан шын үніммен
Ана тіл, ана тіл деп өкір ем

Жүректің тұрсадағы маздап үні
Тұтқын ба едің тұғырсыз қазақ тіл
Тіл үшін тағдырында құрбан қылар 
Бақытты екен авардың Ғамзатовы

Жиырма жыл тәуелсіздік ту ұстадың 
Жаратым кез жетті ғой қылыш қабын
Бірлігіңді ұйыған қалар сақтап
Бір тілде түсінісіп ұғысқаның 

Өресіздік тарылып өрісіңде
Ойран сап өз жауың өз ішінде
Тілім деп толғанбайтын тоң мойындар
Жандарын ауыртпайды ел үшінде

Датым бар орыс ойлы ұлығыңа
Шын үнің шықсын қаннан суырыла
Қап түбінде көп жатқан алдаспан тіл
Қонғайсың хан тағындай тұғырыңа.

1488 3
Рейтинг: +2

Автор: Nureke Alash
Жазылған уақыты: 31 мамыр 2012, 23:49
Тегтер: Туған тіл
Пікірлер
+0
01 маусым 2012, 11:32

"Сынықтан сылтау тапқан сайқал заман
Шырт-шырт сынып шындықтың шеміршегі" :!:

+0
01 маусым 2012, 12:36

Тіл үшін тағдырында құрбан қылар
Бақытты екен авардың Ғамзатовы. Ғамзатовша өмір сүру екінің бріне беріле бермейтін бақыт деп ойлаймын!

+0
02 маусым 2012, 01:26

өлеңнің ұйқастары әлсіздеу екен :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев