Балалар мерекесі...

Балалар мерекесі...
жеке
блог

Уақыт деген көшке ілесіп өмір өтіп жатыр... Міне, міне ертең жаздың алғашқы күні және де мереке! Жаз - демалыстың, тіршіліктің қайнаған кезі. Бірақ, әлі демалып жүрген жоқпын, демалғым да келмейді (маған демалыс жақпайды...) Күнделікті тіршілік, өзгерген ешнәрсе жоқ... Практикаға барып-келіп жүрмін, ол да біртүрлі көңілсіз... Өзінен-өзі тынысым кейде тарылады, түсінсем бұйырмасын... Өз жайымды өзім ұқпаймын. Не ғашық екенімді, не мұңды екенімді, не бақытты екенімді, не қуанышты екенімді (бақытсызбын дей алмаймын, нағыз бақытым алда) Мейлі... Бұл да өтер... Мәңгі ештеңке жооооқ.

Үйде бауырларыммен отырмын. Олар әлі кішкентай, қанаттары қатаймаған, әлсіз... Ертең-баларды қорғау мерекесі.

Сіңлім сұрайды: «Неге дәл 1-маусымды мереке еткен» - деп.

«Мүмкін жаздың алғашқы күні шуақты мереке болсын деген болар. Балаларға жылу сыйлауға қолайлы мезгіл деген шығар» - деп жауап қаттым. (Мен қайдан білейін оны ойламаппын...)  

«Балаларды қорғау күні?»,«неден?»,«кімнен?»...

Қаншама бала бар тастанды, үйсіз-күйсіз. Жүректерінде өшпес тыртық, жазылмас жара, көңілінде мұң. Оларды кім қорғамақ? Мемлекет пе? Тастап кеткен ата-анасы ма? 

Ертең көше гүлге, балардың күлкісіне толмақ. Барлық бала бақытты болу үшін жаралған. Бақытты бала көп болсын. Тек ертең ғана емес барлық уақытта!

Сіңлім ертең кетеді... Мен жібергім келмейді... Себебі жаным аурырады, оны қатты жақсы көремін. Қоштасарда белімді қысып біразға дейін бөгеледі, менің жанарыма жас келіп қалады, бірақ жібермеймін ұстап қаламын. Қасымда ылғи болмаса да аман жүр, жүзінде күлкі бар, тек бірге емеспіз... Демалыста осылай келіп, қайта кетеді. Қайта жолығамыз, кездесеміз, әлі бақытты күндер алды деген сеніммен қоштасамыз тағы да... Тағы да... Тағы да... Тағы да... Тағы да екеуміз де күлеміз, алға қараймыз, үміт үзбейміз, мейлі тағдыр деп қоямыз!