Мама, сен қатігезсің! Ал кітаптарда аналарды мейірімді деп жазады...(Байқау)

Мама, сен қатігезсің! Ал кітаптарда аналарды мейірімді деп жазады...(Байқау)
жеке
блог
Армысыздар, қадірлеуге лайықты массагеттіктер!
Қазіргі қоғам мәселесіне айналған мәселені негізге ала отырып, өз мақсаттарымда айтқандай әңгіме құрадым. Баға беріңіздер!
 
Орда бұзар отыз жасын қарсы алып жатқан туған күн иесі Ермек кітаптар мен құжаттарға толы шағын жұмыс бөлмесінде, төрдегі орындықта жалғыз отыр.
Бала шағынан қалыптасқан өкініштің, жалғыздық құрсауында өткен өмірінің әсерінен болар, Ермек туған күнін ұнатпайтын.
 
Бір нүктеге тесіле қарап отырған ол, бірькезде асықпай орнынан тұрды да, керекті-керексіз қағаздар шиеленісіп жатқан жұмыс үстелінің үстіңгі тартпасын ақырын ашты. Бердібек Соқпақбаевтың "Жекпе-жек" кітабы ғана тұр...қолына алды, асығыс ақтара бастады. Әлденені тапқандай кілт тоқтай қалып, қолдары қалтыраған күйі кітап бетіндегі сарғыштанып кеткен қағазды алды да, орындығына жайғасқанша ашып үлгерді.
 
"...Мама, сені кешіремін. Осы бір қарғыс атқан күн ғой кінәлі...мен туған күн. Иә, сенің мені мына қаталдық пен әділетсіздікке толы дүниеге сәби ғып әкелген күнің. Мүмкін, мен сол кезде бақытты болған шығармын, сені алғашқы және соңғы рет көрдім ғой сонда. Сол сәтте ес білетіндей жағдайда болсам, сені қапсыра құшақтайтын, бейнеңе тесіле қарап мәңгі ұмытпас үшін жүрегіме сақтап алатын едім. Эхх...Егер мен жаман перзент болмағанымда, бақыт дегеннің не екенін сезінер едім...онда сен мені тастамас ең, солай ма?
" Терезеге телміруді ғана білетін тар қапастың бақытсыз балаларының қатарында болмасам, бөгде жандардың мүсіркеген жанарынан ада, махаббатты сезініп өскен бала болсам..." - деп армандаймын кейде. Әй, қайдам! Сірә, мен анама ғана емес, тағдырға да ұнамағанмын ғой, бірақ, әлі күнге қай қателігім үшін жазықты екенімді, өмір есігін ашқан сәттен әділетсіздікке тура келгетіндей кімге не істегенімді түсіне алмаймын...Егер білсем, түзелер едім ғой, шіркін! 
Айтпақшы, ұмытып бара жатыр екенмін...Мен кеше Құдайдың қызын көрдім. Ол біздің "Жетімдер үйіне" келіп, бізге түрлі кітап-дәптерлер, ойыншықтар әкеп берді. Мен оқуды армандап, Құдайдан қызықты кітап беруін сұрағанмын. Ал ол болса басқа да мен секілді балаларға көмектесемін деп қолы босамай, қызын жіберіпті... 
Мама, егер сен күндердің бір күні мендей жаман балаңды мейірімді жүрегіңмен аялауға қарсы болмасаң, кел...өтінемін.
Мектепте бізге "Аналар әлемдегі ең мейірімді жандар. Олар баласын бәрінен артық жақсы көреді" деп айтқан болатын. Солай ма, анашым? Сен де мені жақсы көремісің? Жоғаа, өтірік қой бұл! Егер жақсы көрсең өзіңнен бөлініп шыққан, сені өмірінде көрмесе де бәрінен артық сүйетін, мейірім күтетін туған перзентіңді тастамас едің... ."
Ермектің мұны ары қарай оқуға дәрмені жетпеді. Бетін түгел дерлік жас жуып кеткен екен, қалтасынан қол орамалын шығарғанымен, қолы қалтырап сүрте алмады. Кеуде тұсында жиналып қалған өкініші, жанын өртейтін мұңының жаспен шығуына мүмкіндік берді...Жүрегіндегі мәңгі жазылмас жарасының орны 14 жасынан сақталған хатпен-ақ қанталағандай сезілді... Балалықтан қалған бақытсыз естеліктердің алдында дәрменсіз күй кешті.
Бір сәтте есіктен жүгіре ішке енген екі ұлын көргенде, орнынан атып тұрып құшақтай алды. Өзінде болмаған бақытты бала шақты бауыр еті балаларының сезіне алатынына қуанып, сәл жымиды...
 
P.S. Әр оқырман ой түйсін деген ниетпен жаздым