Жегің келсе, ақшасын төле

Жегің келсе, ақшасын төле
жеке
блог

Бұрында кәріс халқы ғана ит етінен әзірленген тағамдарға әуес болады деген түсінік бар болатын біздің жақта. Бұл күнде ит етін өзімізде олардан қалыспай жейміз. Жеке басыма келсем, ем үшін жер едім, аштықтан өліп жатқан жоқпыз, ол мәселені әзірге қоя тұрайық…
Сан-Францисконың 43-жасар Дебби атты тұрғыны торттың түр-түрін пісіреді екен. «Бізде де небір торт пісіргіштер бар» дерсіз мүмкін. Онда ентігіңізді сәл баса тұрыңыз. Деббидің торттары күнделікті өмірде көріп жүрген заттарға, жануарларға да ұқсауы мүмкін. Ұқсауы мүмкін дегеніміз қателік болар, тіпті ажырата алмай қалуыңызда ғажап емес. Мынабір чихуахуа тұқымдас иттің дәмін өз басым татып көруден бас тартпас едім.
Blackberry телефонын армандасаңыз ол да бар. Мультфильмдер мен киноларды да назардан тыс қалдырмаған.
Тапсырыс бойынша қалаған кейпіңіздегі тортыңызды әзірлете аласыз. Жергілікті медицина институтының түлектері өздеріне әйелдің жатыры кейпіндегі тортқа тапсырыс беріп, оларын алған кезде қатты риза болыпты деседі.
Тапсырыс бағасы торттың көлемі мен қиындығына байланысты 200 АҚШ долларынан басталып бірнеше мың долларға дейін кете береді.

торт-ит

сотка-торт

Мақаланың сұлбасына сілтеме