Күйген жігіт (байқауға)

Күйген жігіт (байқауға)
жеке
блог
 
 
 
Жаным.... менің жаным тыным табар емес, неліктен? Неге? Не үшін? - деген, сауалдар миымды майдалап барады. Мен оны сүйемін ғой, ал оған бәрібір. Қалайша? Сонда оның жүрегі Мұқаш атам айтқандай, еттен емес қоладан болғаныма?! Білмеймін.... Әбден дегбірім қашты, жүрек түкпірімдегі сезімімнің мәні кетіп, құты құнсызданғандай. Сарылып, сарғайып сағынғаныммен, сеніп тұрған жанды көрмедім. Махаббаттың азабы деген осы ма сонда?! Бүйткен махаббатқа түкіргенім бар! Ит екеш ит те жөнімен үрсе керекті. Санамдағы сан ойдың, бүкіл арман-мақсаттарымның, онымен бірге құрған болашағымның күлі көкке ұшты. Болды, бітті. Әлемде содан өзге жан қалмаса да, ендігі жерде бұрылып қарамаспын. Бар күш жігерімді жинап барып, мен сені сүйемін дегенімдегі айтқан сөзіне қарасайш?! Ну и что? -дейдіғой. Хмм, адамды қалай сүйсең, нақ солай жек көруге де болады екен-ау. Өзінше мұрынын шүйіруін айтсайшы... Мен, мен соған ғашық болған нағыз ақымақтың өзі екенмін. Оның жасанды қылықтарына алданғаным, жасанды түріне қызыққаным сөзсіз ессіздік болған екен. Кеш болса да ұққаныма шүкір. 
          Сәтсіздікке толы өмірімнің кішкене бір кезеңі деп есептеймін. Мән бермеуге тырысамын. Сезіміммен ойнаған екен, мен оған қалай ойнауды үйретейін... 
 
 
P.S: Кекшілдік кемелдікке жеткізбейді, керісінше көрге тығады, ағайын кекшіл болмайық, көпшіл болайық! Махаббаттан сәтсіздікке жолықсақ та, өмірден өз орнымызды таба білейік. Нағыз еңбек, неге де болса жеткізері сөзсіз! 
 
Автор: РЫСБЕК АРАПХАНҰЛЫ