жеке
блог

Өмірдің кейбір кездері

Кеше бір досым велосипед сатып алды.

Мен тебейінші, мен тебейінші,-деп қыңқылдадым. 

Досым ақжүрек қой, бұлданбай велигін бере тұрды.

Екі кештің ортасында ұзыннан созылып жатқан Төле би көшесін біраз шаңдаттым. Велик теппегелі қанша айдың жүзі болды екен. Аздап тосырқап қаппын. Әлемге великтің үстінде келе жатып көз салдым. 

Дөңгеленген дүние, неткен әдемі ең! Жел бетімді қытықтап, жанарымды өбеді жаймен... Жұмыстан шаршап-шалдығып, тұнжырап келе жатқан машиналар жанымнан аяқтарын ілбіп басып өтіп жатыр... Өмір де сол машиналардың дөңгелегіне ілесіп өтіп барады. 

Бәрібір көңілдімін. Бәрібір бақыттымын. Өмір өтсе де, жылдар жылыстаса да, уақыт уысымнан сусыса да...

Бақыттымын. Арманыма жетпесем де, сол арманның жетегінде өмір сүретінім үшін, қиялдың қанатында тірлік кешетінім үшін бақыттымын. 

Тотыдай таранған әлемнің әсемдігін көзбен көріп, тіршілік әуенін құлақпен естіп келем. 

Ызғып келем... Тыныстап келем...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі