Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жырақта жүрген Жарқынға...

Жырақта жүрген Жарқынға...

Жырақта жүрген Жарқынға...

Қайда жүрсең де аман бол!

Тура осыдан 1-ай бұрын 30-сәуір күні Жарқынның кетераяғын жасап, тілегімізді айтып, Бас қала - Астанаға шығарып салған едік. Сол күн бүгін есіме түсіп, суреттерді жариялап, пост арнауды жөн көрдім. Өйткені өзі де анакүні айтып еді, "Массагетке пост жиі жазып тұрыңдар, мен сендерді сағынғанда сонда кіріп жүрмін"-деп, ал мен, "Әрине, жазып тұруға тырысам" - деген едім. Сөйлескен сайын "жырақта жалғыз жүрген қиын екен" - дейді. Тіпті бір күні түнде маған "Сағындым бәріңді..."-деп смс жіберіпті! Мен таңертең көзімді аша салып, "сағат қанша болды?"-деп соткама қарасам жаңағы смс тұр. Жүзіме күлкі үйіріліп, ішім жылып, ұйқымнан тұрдым. Редакцияға келе салып қасымдағы басқа да достарына жеткіздім. Біз оны күн сайын есімізден шығармай айтып отырамыз. Содан кезекті түскі ас кезінде (көкке шыққан күні) біз онымен ойнағымыз келіп, қолымызға оның жаңадан шығарып жатқан газетін ұстап, әр түрлі күлкілі кейіпте суретке түстік. Ол суреттерді келе сала өзіне жіберіп едік, ол қатты өкпеледі. Қайдан білейік?:(( жай қалжыңдағымыз келген!:)) Ол болса "Сендерден Мен ондайды күтпеп едім"-деп кәдімгідей ренжіді. Ойнаймыз деп от бастық! Сонымен сол күні кешкісін "кешірім" сұрап, бетін бері қараттық. Бұрын неше түрлі әзіл-қалжың айтып, көңілге алмай көтеріп жүре беретін жігітіміз, жырақта жүріп "өте өкпешіл" болып кетіпті!:) Жарқын, сен қайда жүрсең де, біздің жанымыздасың!:) Алыста болсаң да, арамыздан алшақтамайсың! Көңіліңе көп ала берме! (өкпелеме!-деген сөз.) Біз де сені сағындық! Саған деген сағынышпен осы постты арнадым. Кезек суреттерде:

30 сәуір 2012 жыл. Жарқынның кетераяғында отырған кезіміз.

Болатбек Жарқынды ерекше қимай, құшақтай бергісі келеді...

Қос Дос. Досың Астанаға барады - тос. Қолың болсын бос.:))

Жарқын мен Сәкен. Саясат бөлімінің сырбаздары сендер екен.

Мен және Жарқын. Біз екеуміз... Біз екеуміз... Гүл екенбіз!:))

Сәкен, Мен, Жарқын... Арқа сүйер адамдардың арасындамын.

Жарқын, Болатбек, Сәкен. Үш қоңыр Алатаудың баурайында...

Болатбектің Жарқынды Астанаға жібергісі келмей жатқан кезі:)

Жарқын мен Өркен. Жарқынның ескі досы және жаңа әріптесі!

Осы суретке мына ән келеді: Еекіі жұлдыз, екі бақыт көктегі:))

Жарқын - сен үшін менде бар "Бір тілек":

Жарқын,

жаңа істе басылмасын қарқын,

Астана болса да қанша салқын,

жылып кетер, келгенде Алтын.

Қуанып, бір күлгенде Ерасыл,

Астана боп кетер жап-жасыл.

2239 30
Рейтинг: +9

Жазылған уақыты: 30 мамыр 2012, 17:20
Тегтер: Жарқынды шығарып салу кеші, кетераяғы. Бізде де бар бір тілек, "Алаш айнасы", Назерке.
Пікірлер
+0
30 мамыр 2012, 19:21

Рахмеееет!!! Ризамын!!!

+0
30 мамыр 2012, 19:23

Жарқын, жылап жатқан жоқсың ба? Көзіңнен мөлдір жас тамып-тамып кеткен жоқ па?

+0
30 мамыр 2012, 20:00

:D Риза болсаң болды, біз де ырзамыз! :mrgreen:

+0
30 мамыр 2012, 19:26

тууу сол ма, қызық бірдеңке екен десем)

+0
30 мамыр 2012, 19:27

анауың тақпақ қо

+0
30 мамыр 2012, 20:04

Тақпақ, енді өлең емес қой! ;)

+0
30 мамыр 2012, 19:28

ИмандаЖарқын мен Болатбектің орны мен үшін бір төбе

+0
30 мамыр 2012, 19:31

Имандай шыным, Жарқын мен Болатбектің орны мен үшін бір төбе. Осы ұжымның ұйымшылдығына ризамын.

+0
30 мамыр 2012, 19:43

иә біз отырмаған төбе жоқ деп далаға лақсам иа)))

+0
30 мамыр 2012, 20:06

Саған кейде лаққан да жарасады! :)

+0
30 мамыр 2012, 21:00

Жарқын мәз болып қалған шығар.

+0
31 мамыр 2012, 10:28

Аха, мәз болғаны соншалықты, таңғы сағат 3:20-да болған жер сілкінісінен кейін бізге звондап, амандығымызды білді! Онымен қоймай, "құжаттарыңды жинап, далаға шық, әйтпесе сәлден соң тағы сілкінеді"-деп біз үшін ұйықтамай, қатты уайымдап отырды. :mrgreen:

+0
31 мамыр 2012, 12:50

)))

+0
30 мамыр 2012, 21:15

Суреттер сәтті, шынайы шыққан. Бауырмал екенсіздер! ;)

+0
30 мамыр 2012, 21:24

Қандай керемет! Біз де Жарқынды сағындық. Былтыр жазда мафия ойнайық деп, қайта-қайта шақырып, асханаға түсіре алмаған кездер-ай :) Соңғы өлең де сондай күшті, шынымен адамдар бауыр басып қалса, кейін жырақтау қиын.

+0
31 мамыр 2012, 10:36

Жарқынды асханаға түсіре алмай жүрдіңдер ме? Соңғы ұйқас жолдар өзінен-өзі, еш алдын-ала дайындықсыз жазыла салды. Шынымен "күшті ма?" -деп қалдым ғой :D

+0
30 мамыр 2012, 22:22

Жарқын ағамды Астанаға емес, келмес сапарға жібергендей жазыпсың ғой)) Ол кісіні бұдан былай көрмей қалам ба деп қалдым ғой)))))))

+0
31 мамыр 2012, 10:38

Жарқын ағаҢды жай ғана Астанаға жібердік, қорықпа! ;)

+0
31 мамыр 2012, 09:33

Әсерлі жазыпсың, Назерке! Жарқын ағам неге көрінбей кетті деп ойлайтын едім, енді бәрі түсінікті болды. Астанаға барсам міндетті түрде кездесуге тырысамын.

+0
31 мамыр 2012, 10:42

Арайдың пікірі әрқашан Арайлы! :) Астанаға барсаң Жарқын ағаңмен кездесіп, өз көзіңмен көріп, бетпе-бет сөйлес! - дегім келеді. ;)

+0
31 мамыр 2012, 09:44

Жарқын, бақыттысың осындай күштііііі достарың бар! Назерке күшті, әрқашан мейірім сыйлайтын жазбалар жазып жүресің.

+0
31 мамыр 2012, 10:44

Айжан рахмет, ал сен әсерлі әрі мейірімді пікір жазып жүресің :) Мен үшін маңызды ;)

+0
31 мамыр 2012, 11:06

мына посты оқып өзімнің былтырғы жұмысымды ауыстырғандағы күйім есіме түсіп кетті ғой, Жарқынға айтарым жаңа қоныс құтты болсын,тез үйреніп кетуіңе тілектеспін,

+0
31 мамыр 2012, 11:45

әрине кім болсада ренжиді ғо, газетін қорлау нышандарын көрсетсендер :twisted:
бұрын редакцияда редакторлар: "иби, газетті қалай ұялмай керектеріңе жаратасыңдар?, өздерің қорласаңдар, ел не демейд" деуші еді. Рас қо ;)

+0
31 мамыр 2012, 12:23

Ақкөңіл адам ғой Жарқын деген...Сосын...Сезімтал...

+0
31 мамыр 2012, 15:14

қазір жүрген шығарсыз "Біздің Атыда былай, туууу, мыналарды-ай, Атыда болсақ қой, былай, былай болушы еді деп..." Тезірек үйреніп кетуіңізге тілектеспін, Сіз сияқты Алматыдан келіп 1 ай ішінде үйрене алмай, 1 жылдан кейін кете алмай қалған жандар көп Астанада...

+0
31 мамыр 2012, 22:25

Осы Назеркенің өлеңдері ұнайды. Ақ өлең ғой төгіліп тұрған. :) Сосын Ботик пен Жарқын неге екенін білмеймін маған егіз жандардай көрінеді. Жарқынның Астанаға кетуі әрине бәрінен бұрын сіздерге қиын, қимайсыздар. Мына жақта компьютердің бер жағында отырып алып сіздер түгілі мен қимай отырмын ғой жылауға шақ қалып. :D Әйтеуір массагетте төбе көрсетіп жүрсе болды бәрімізді ұмытпай! ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев