Өзге емес, өзім айтам өз жайымда... Кезексөз

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда... Кезексөз
жеке
блог

1.    Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Әлментаева Эльвира Ерғалиқызы. 1989 жылы 27-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді-мекенінде дүниеге келгем. Сол өңірде мектепті бітірдім. Алтын ұядан ұшқанымызға 6 жыл болыпты... 

(Өзіме ұнайтын соңғы түскен суретім)

Арман арқалап, Алматыға аттанып, ҚазҰУда 4 жыл білім алдым. Мамандығым - филолог. Қазір "Алматы" ӘКК" Ұлттық компаниясында аудармашымын. 

Ару қаланың тынымсыз тіршілігі мені өзіне ғашық етіп, осында қалуыма себеп болды. 

Үйдің кенжесімін, ата-анам, 4 ағам бар. Бәрі үйленген, балалы-шағалы. 

Мінезімді сырт көз білер. Көп нәрселерге ашулана бермейм, бәрін жинап, вулкан болып атылуым мүмкін. 

2.    Хоббиің не?

ммм... Дәл қазір өзіме хобби қылып алған дүнием - Айқаракөз сайты. Жұмыстан қолым қалт етсе, сол жаққа материалдар жазуға отырам. 

Кітапты сирек оқитын әдет болыпты осы күнде. Орнын интернет жауып бара жатқандай... Ұялы телефоныма жазып алған біраз кітаптарды оқып, тауысуға тырысып жүрмін.

Шоколадты жақсы көрем).

Өмірімді интернетсіз елестете алмайтын сияқтымын.

3.    Қай елге саяхат жасағың келеді?

Қолымнан келсе, бүкіл әлемді шарлап шыққым келеді. Әзірге жақын мезгілдегі жоспарда Түркия тұр. Марсты, Айды көрсем деген арман да жоқ емес).

4.    Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

Өмірге келерімде өзіме таңдау берілсе, қайтадан осы өмірімді таңдар едім. Қазіргі күніме шүкірлік айтып, Жаратқанға тәубе деймін. Өз өмірімді өзім сүру керекпін. 

5.    Өмірлік ұстанымым немесе жиі колданатын нақыл сөзім

Әкемнің: "Біреудің ала жібін аттама, қызым" деген сөзі құлағымда жаңғырып жүреді. 

"Шалқайғанға - шалқай, ол - Пайғамбардың ұлы емес, 

Еңкейгенге - еңкей, ол - әкеңнің құлы емес";

"Үп еткен желге үлбірей берме, 

Шыдамдылықты ұнатады өмір" (Мұқағали)

6.    Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Есімде)).Балалық шақтың күліп еске түсіретін естелігі. Бала махаббат па, алғашқы махаббат па... Жақында ауылға барғанымда кездесетін орнымызды көріп, бір мырс еттім. 

7.    Кімді жақсы көресің? (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Мектеп кезіндегі анкета есіме түсіп кетті ғой). Қызды құрметтеуді, сыйлауды білетін жігітті жақсы көрем. Салмақты, әр ісіне тиянақты, білімді, әзілді жақсы көретін жігітті жақсы көрем. Жақсы көрген жігітті дос қылып алуға тырысам. Ал... ғашықтық - бөлек әңгіме. 

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Кумир қылатын адам деп, ешкімді бөліп жарғым келмейді. Өнерін құрметтеп, жақын сыйласатын адамдар бар. Авторына, орындаушысына қарамай, жаныма жақын ән болса, тыңдай беремін. Тіпті бір әнді күніне мың қайтара тыңдай алам. 

9. Сүйікті спорт түрі?

Хмм... Спортпен айналысуым тек фитнес клубтармен ғана шектеледі. Мәнерлеп сырғанау мен шахматқа қызығам. Аузымның суы ағып тамашалайтын би түрлері де көп).

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

Ужастик жанрындағы фильмдерді өте жақсы көрем. Өмірден алынған оқиғалар да ұнайды. Ең сүйікті киноларым - "Дитя тьмы", "Закидывая камнями"... Есіме түспей тұр, көп сияқты еді).

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

Әйел қашанда нәзіктігін сақтап, ерінен бір саты төмен тұруы керек деп ойлаймын. Отбасында ішкі татулық пен үй шаруасын әйел үйіріп отырса, ері сол отбасын ақылмен басқару керек. Ақылды әйел ойланбастан күйеуіне бағынып, іштей басшы етіп алады. 

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Ақшаны табу - ердің міндеті, оны ұқыптап жарату - әйелдің міндеті. "Сен ұста, мен ұста" деп емес, ортақ ымырамен қаржы мәселесін реттеуге болады. 

13.  Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:

Кешірімді, салмақты болу қиын ба? 

Эстафетаны Айконаға ұсынамын.