Мен сені қатты сүйдім (Жауапсыз махаббат)

Мен сені қатты сүйдім (Жауапсыз махаббат)
жеке
блог

Сені ойлап ұйқым келмеді. Сені еш ұмыта алмадым. Сенесің бе? Ұмыта алмадым. Сенің жанымда жоқ екенінді біле тұра, неге іздеймін. Осыны өзімде білмеймін. Сол бір шақ қайта айналып келсе, алдына тізерлеп құшақтап жылар едім. Өйткені сенсіз өтіп жатқан әрбір күнім іштей жылаумен, іштей аңсаумен, іштей қаймығумен өтуде. Көзімді ілгім келсе, сені ойламай жатқан емеспін. Жүрегім сені іздейді. Сені қалайды. Алайда сен жоқсын қасымда. Сен жоқсың бұл өмірде. Жоқсың. Жоқсың. Қалайша мен өмір сүрем. Сан сұрақ пен мың сұрақтың арасында жүрмін. Іздеп барсам қуанарма ең. Әлде, әлде теріс айналып ол жақта да үнсіз кетерме ең.