Жаңа жыл- жаңа үміт

Жаңа жыл- жаңа үміт
жеке
блог

Әр жаңа жыл келгенде жаңа үміт күтетініміз рас. Жоспар құрып, ойлаған ойлардың жетуіне тырысамыз. Жеткен жетістіктеріміз бен кеткен қателіктерімізді саралап, өзімізше бір пайымдаймыз. 

Жыл басы, мен үшін ылғида қарбалысқа толы болып басталады. Жұмысым көбейіп, мақсаттарым жаңарып кететіндей :)). Үлкен өзгерістер күтпесемде, үмітім алаулап жанып тұр. Бұл жылда, өзгеріс пен жақсылыққа толы болады деп сенемін. 

Жаңа жыл, демалыс болып біраз виртуал әлемнен алшақтап қалғанымыз рас. Біраз он.кзшілер ой массагетшілерде көрінбей кетті. Сол сіздерді сағынып қалыппын. Барлықтарыңызды сағындым :). Әсіресе, Мөлдір көздің қызықты әрі позитивный жазбаларын, Жарқынның ойландырып тастайтын әңгімелерін, Әзиздің дәлелдемелерін, Қыпшақ қыздың кішкене күніндегі қызықты жазбаларын, Назеркенің сезімге толы жазбаларын, Джулидің суретті посттарын сағындым. Барлықтарыңыздың өз ерекшеліктеріңіз бар.

Алыстамайықшы виртуал достар! Жиі жазып тұрыңыздар! :)

Салемнен, баяғы Бір сәт -бір әңгіме ғой :)