Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Әке

Әке

Әке

«Әке» деген сөзді, әкеге қатысты әнді, өлеңді, әңгімені естіген кезде жігерленбейтін қуаттанбайтын жан жоқ шығар. Бұл өмірде «Әке» деген осынау үш әріптен құралған сөзде қаншама айдынды да асқақ, салмақты да жігерлі, қайратты да мәртебелі мағына жатыр десейші. Әкенің қуатты сөзін, салмақты үнін естімедім, байыпты қабағын көрмедім, бірақ та ол әрқашан менім жүрегімде. Басқа достарым секілді қуанышымды, ренішімді, ойларымды, жетістіктерімді әке сенімен бөліскім келеді.

Осыдан біршама жыл бұрын көрген түсім,  өткендегіде дәл сол қалпы,  айна қатесіз қайталанды. Сіз атты ертеп мініп кетіп барасыз, осы түсімде көргендерім ойымнан кетер емес қалай жорысам болады, не айтқыңыз келді, не білдіргіңіз келді бұныңызбен?

Әке, сенің мен дүниеге келмегенге дейінгі ойларыңды, армандарыңды білгім келеді, өзіңнін болашақ ұлыңның қандай болып өсуін армандадың екен... мен сол сен армандаған ұлың болғым келеді, мүмкін ренжитін шығарсың өз жолынды қуып мал дәрігері болмады деп, әлде ұлыңның басқа мамандық иесі болуын армандадың ба екен, сенің арманыңда кеткен ұл болғым келеді...

Құрметті, массагет қолданушылары, көбін отбасыларынан алыс жерлерде жүрсіздер, «қолда барда алтынның қадірі жоқ» -дегендей, Әкелеріңізге хабарласып, қалдарын сұрап, сағыныштарынды білдіртіп қойсаңыздар, игі іс болушы еді...

6245 13
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 30 мамыр 2012, 12:34
Тегтер: әке
Пікірлер
+0
30 мамыр 2012, 13:21

әсерлі екен

+0
30 мамыр 2012, 13:46

керемет! аптасына 2-3 рет хабарласып тұрамын!

+0
30 мамыр 2012, 15:17

Менің әкемдей ешкімнің әкесі жоқ))))))))))))))) Қатты жақсы көрем және әкемнің бір сөзіне бар әлемді айырбастай алам. Әкелер аман болсын!!!!

+0
30 мамыр 2012, 15:19

ал мен эылына 2-3 рт қана телефонмен хабарласамын...

+0
30 мамыр 2012, 15:58

Казжурдағы блогыма былтыр жазыппын.
Кешір, әке...
Ауылға, әкеме телефон шалғанымда
ертең шөпке шығатынын айтты

Кешір, әке, Шөбіңді шабыспадым
Егініңді…оны да салыспадым.
Өзіме де ұнамайд кей-кездері
Осынау тас қаламен табысқаным

Кешір, әке, қасыңда бола алмадым
Сезіп жүрмін жаныңның тоналғанын
Еркін өскен жайлауда ерке ұлыңның
Білсең ғой көп ішінде жоғалғанын

Әке, сені тырыстым түсінуге
Менің кеудем өзің деп кісінеуде
Жасымнан өздеріңнен жырақ өстім
Өздеріңмен болмапты ісім мүлде

Бәз-біреулер күледі-ау енді бізге
Бір-бір бақыт бұйырмас бәрімізге
Кешір, әке, ұлыңды бара алмайды
Егініңді оруға сары күзде…

+0
30 мамыр 2012, 15:59

осы өлеңіңізді бұрын оқыдым :)

+0
30 мамыр 2012, 21:03

Аналарыңызғаа да)

+0
31 мамыр 2012, 15:20

әсерлі... мен күнде хабарласам

+0
31 мамыр 2012, 15:42

аянышты жазба, әкенің де,ананың да қадірін білмейтіндерге сабақ болса екен!Осыдан екі жыл бұрын мен де әкемнен айырылып қала салдағанмын! Операцияның арқасында аман қалды, содан бері ойланып жүретін болдым...

+0
31 мамыр 2012, 15:42

Әкелеріміз аман болсын!

+0
02 маусым 2012, 12:24

Әке асқар тауымыз...!!!

Әке жумак, Ана жумак какпасы,
Олар жакка бурсандаршы ат басын!

+0
03 маусым 2012, 11:14

мен де жиі хабарласпаймын, тас жүрек емеспін бірақ уақыт тапшы. маған үнемі өзі хабарласады ауылға кеп кетші қызым дейді, енді хабарласып тұратын боламын. :oops: өзім әкемді ата деймін солай үйреткен әжем. осы үшін осы күнге дейін түсініспеушілік байқалады көп ортада :oops:

+0
10 наурыз 2014, 17:10

мен күнделікті сөйлесіп тұрамын, егер бір күн хабарласпай қалса жылағым келіп кетеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев