Инсульттың алдын алуға көмектесетін жемістер мен көкөністер анықталды

Инсульттың алдын алуға көмектесетін жемістер мен көкөністер анықталды
жеке
блог

Мамандардың айтуынша; қан-тамыр жүйесіне қамқаорлық жасауды жас кезден қолға алу керек екен. Бұл соншалықты қиын емес - ол үшін мысалға белгілі бір жемістер мен көкөністерді азыққа тұтынып тұрудың өзі жеткілікті.
АҚШ-тың Ауруларды қадағалау және алдын-алу Орталығы (Center's for Disease Control (CDC) мамандары азыққа жемістер мен көкөністерді пайдалану инсульт қаупін үш есеге дейін төмендетуі мүмкін деп сендіреді.

Инсульт қан ағынының ұюынан ми тамырларының бітелуі немесе қан тамырларының жарылып кетуі салдарынан орын алады. Мұндай жағдайда төтенше көмек көрсетілмеген жағдайда инсульт миды күшті зақымдауы немесе адамның өліміне соқтыруы мүмкін 
Атап өтерлігі, инсульт әлемдегі адам өліміне соқтыратын себептердің арасындағы бірден-бір көшбасшылардың қатарында тұр.
760 629 қатысушы қатысқан 20 зерттеуді талдау жемістер мен көкөністерді барынша мол пайдаланатын адамдардың жеміс-көкөністерді мейлінше аз тұтынатын адамдарға қарағанда инсультқа шалдығу қаупі 21 пайызға төмен болған.
Зерттеушілер инсульт қаупінің төмендеуі цитрусты дақылдар (лимон, апельсин, мандарин және т.б.), жапырақты көкөністер, алма мен алмұртпен көбірек байланысты екендігін көрсеткен.
Қытайдағы Циндао Университетінің Медициналық колледжінің қалалық ауруханасында талдау жүргізген Ян Цюй «Қазірше басқа жемістер мен көкөністер түрлерінің инсульттің дамуына әсері нақтыланған жоқ», дейді.
Бұл аталған өнімдердегі қан тамырларының иілгіштігі мен қандағы холестерин деңгейіне әсер ететін заттардың болуына байланысты болуы мүмкін

Ақпарат: Новости Ю