Мектеп өмірі болған сынды тым келте...(Байқау!)
жеке
блог

Мектеп өмірі болған сынды тым келте...(Байқау!)

Армысыздар қадірлеуге лайықты массагеттіктерім!
Биыл өзім оқитын Мұқыр орта мектебінен түлеп шыққан түлектер қазірде еліміздің түпкір-түпкірінде таңдаған мамандығы бойынша оқу орындарына қадам аттауда. Мемлекеттік сынақтан өтіп, қарбалас өмірге үйренісуде. 
Дегенмен, алтын ұясына деген қимастығы басым. Оқу жылын аяқтаған таныстарымның әңгімесін тыңдаған соң, жыр шумақтарын арнауды жөн көрдім:
 
Мектеп өмірі болған сынды тым келте,
Жанарыңда жас қалады мөлдіреп,
Ұмытпауға серттесіңдер мың мәрте,
Мектебіңмен қауышқанда соңғы рет!
 
Аралаңдар білім дейтін алма бақты,
Сендерге айтылатын тілектер көп.
Өздеріңді бұл мектепте таңбалапты,
Номері алпысыншы түлектер деп
 
Көрінер 11 жылың сарқылғандай,
Асық пенен қуыршақ артта қалды.
Өздеріңе зор үміт артылғандай,
Алтын ұяң сендермен мақтанады!
 
Қимай қимай кетесің мектебіңді,
Төтеп бергін бұл өмір сынағына
Ойнап,ойлап мектептен кеткеніңді.
Соңғы күні өкініп жыладың,ә?
 
Алда жатыр болашақ,түспесінші көңілің,
Қиындықты жеңем деп,ескермегін,
Қалып қойды мектепте бала өмірің,
Ең соңғы рет мектепке қош бол дегін!