Қызықпалық құр мәнсапқа, жақсы атқа, Жеткен артық шын талпынып мақсатқа! (байқауға)

Қызықпалық құр мәнсапқа, жақсы атқа, Жеткен артық шын талпынып мақсатқа! (байқауға)
жеке
блог

Ассалаумағалейкум құрметті оқырман!

Мақсат дейді, жалпы мақсатым жәйлы қозғамас бұрын, мақсат деген ұғымның өзіне сипаттама беріп кеткенді жөн санадым.      

   Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұратты, ішкі қозғаушы қуатты білдіреді.Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Мақсат түрлері:

1) нақтылы мақсат — іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі;

2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету.

Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады.

'Сократ' әрбір жеке қимылдың мақсаты, осы жеке мақсаттарға ішкі түрткі болатын түпкілікті немесе жалпы мақсат дейді.

'Аристотель' заттар мен құбылыстардың ішкі мәні, белгілі мақсатта өмір сүруі адамға ғана емес, бүкіл дүниеге тән қасиет деп түсіндіреді.

'Кант' мақсатты адамдар әрекетінің нәтижесі ретінде қарады. Сондықтан, мақсаттың логикалық, танымдық мәселелерін адам өмірінің негізгі мәселесі ретінде, этикалық-гуманистік іліммен байланыста зерттеді.

'Гегель' мақсатты “өзіндік” және “өзі үшін” деген принциппен екіге бөліп, біріне табиғаттың белгілі бір мақсатқа бағынып өмір сүруін жатқызса, екіншісіне саналы түрде іске асатын, адамдар әрекетіне тән құбылыстарды жатқызды.

Мыжып кетсем кешірім өтінемін, бірақ бір нәрсені іске асырар алдын, оның не екенін нақты білгеніміз өзімізге жақсы екені белгілі емес пе?!

Осы орайда өзімнің мақсатыммен (арманыммен) сіздерді құлағдар ете кетейін. Мен қазіргі таңда 11-сынып оқушысымын, әне міне дегенше бізде ұядан қияға ұшамыз. Ендігі мақсат ұшып қана қоймай, қанатымызды талдырмастан, құзар шыңның басына барып қону. Жалпы таңдағалы отырған мамандығым - журналистика. Қызығы мен шыжығы қатар мамандықты қаламгерлігіммен ұштастыра игеріп кетемін деген сенімдемін.

Massagat.kz порталы, мені өте қарапайымдылығымен баурап алды десем артық айтқаным емес. Бұл орта керемет дүниелерге толы кен секілді, өзімізге қажетті рухани байлығымызды алып жатырмыз. Әрине мен мақсатыма массагетпен жетуге дайынмын. Сіздермен өзімнің керемет болмаса да, еленетін, жан-жақты болмаса да, салмақты, тың болмаса да, шыңға бір табан болсын көтерілулеріңізге септігін тигізетін ойыммен яғни мақаламмен ( блогыммен ) бөлісуге әзірмін. Алдағы уақытта "Арша" тобының құрамында болып, сіздерге қаламдарымызды қайта-қайта ұштап тұрып немесе компьютердің алдында көзімізді мықтап тұрып талдырып қажеттеріңізге жарайтын дүниелерді жүктеуге тырысамыз. Блог барысында қаламгерлік деп қалдым ғой, асып-тасып тұрмаса да, кішкене шимай жазатын әдетім бар. Мақаламның соңын осылай түйіндесем:

Арманым асқақтап тұр жүрегімде!

 

Арманым асқақтап тұр жүрегімде,

Таңдауым оңай емес, білемін бе?

Мақсат қойдым, шынымен жетемін деп,

Алладан сол ғой менің тілерімде.

Журналист боламын мен, деп қоямын,

Артық ойды санадан шет жоямын.

Алла қолдап, арманыма жетіп жатсам,

Экраннан бір орынды менде оямын.

Қазағымды көтеретін жастарымыз,

Білімді ұрпақ, мәңгі елдің бастауымыз.

Болашаққа алаңдауды айқындайды,

Жастық шақта пікірлер тастауымыз.

Қазақстан мәңгілік ел болады,

Төрт құбыла әрқашан тең болады.

Жастарының көзі ашық, оқығанда,

Елдің іші берекеге шын толады.

Мәңгі елдің ұрпақтары мына біздер,

Алға қарай сүйрейтін бізді сіздер.

Елімізде тыныштық орнап тұрса,

Халқмыздан көретінім жарқын жүздер!

 

Автор: Арапханұлы РЫСБЕК