Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Біліп сөйлеу мен сезіп сөйлеу

Біліп сөйлеу мен сезіп сөйлеу

Біліп сөйлеу мен сезіп сөйлеу

22-сі балетке бардым. 

Мына афишаны көріп алып, сонда барсам ғой деп ойға шомғаным сол еді, Әлия звандап, жұмыста екі билет бар, барып келейік деген болатын. Қуана-қуана киініп алып, Республика сарайына жеттім. 

Қараңғы зал. Костюмде билеп жүрген балерондар. Жаныңды жетектеп әкететін музыка. Және де айтпаса да, қимылдан танып қоятын махаббат желісі... Олардың беріліп билегендері соншалықты, қарап отырып, мен балет жайлы емес, өмірде әр адамның сүйікті ісін тауып, сонымен айналысуы нағыз бақыт қой деп ойладым. Иә, күнде естіп-біліп жүрген нәрселер. Бірақ қарапайым даналықтың дұрыстығын кейде сезіне түсінесің. Сонда оның ақиқаттығы күшейе түседі. 

Расында бұл бишілер үшін не керек? Сахнаға шығып, айызын қадыра билесе болғаны. Одан басқа ештеңе де керек емес. 


Немесе әншілер...Іштен төгіліп жатқан тәтті әуенді шығарып тастаса, жеңілдейді. Ләззат табады. Ақын-жазушылар қағазды қинай жанын сақтайды. 

Өнерсіз өмір қызықсыз болар еді. Маған кейде өмір түрлі тағдырларын мойындарына артып жіберіп, хрусталь шардың ішіне лақтыра салған адамдар шоғыры сияқты көрінеді. Қалай сүрсең де өзің біл, өзің шеш. Қуыс кеудеңде дамыл таппай, тыпыршып жатқан жаныңды қалай сақтасаң да өзің біл. Содан болар адамзат өнермен қорғанады. Алданады. Өміріңнің қысқа мезетіне болса да, сен оны бағындырғанға ұқсайсың. 

Содан болар біз кино, музыка, жақсы кітап оқуға құмармыз. Өйткені бәрі де "біздің қолымызда" деген тәтті иллюзия береді бұл өмірдің "эрзацы". Бір сәтке болса да, біз тәтті қиялға беріле аламыз. 

Иә, өмір жақсы, өнер одан да керемет. Бұл балетті көріп отырып, мен бір сәтке болса да мен сияқты тынып отырған залдан, сарайдан, әлемнен ұзап кеттім:)

P.S. Балеттен видео мен көрермендер пікірі http://yvision.kz/post/265036

1985 6
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 28 мамыр 2012, 21:18
Тегтер: балет, Radio and Juliette, өнер
Пікірлер
+0
28 мамыр 2012, 23:50

Қызыл Жизель балеті де осы модерн балетке жатады-ау деймін. Әйтеуір солай оқығанмын. Маған қатты әсер еткен балет еді. Мына балетке билеттер қымбат болды негізі :)

+0
29 мамыр 2012, 10:50

иә, өкініштісі билеттер қымбат, зал да бірақ толып отырмады, барлығы сол шақырумен келген-ау деймін)

+0
29 мамыр 2012, 10:03

Өнердің құдіреттілігі де осында шығар.

+0
29 мамыр 2012, 15:09

Балетке барып көру керек еді, Әттең ештеңе түсінбеймін!

+0
29 мамыр 2012, 20:53

онда бірден модернге барыңыз, классикада қалғуға аз қалған)

+0
30 мамыр 2012, 15:34

Өте биік өнер. Талғамың жоғарылайды. Әлгінде операға бардым. Кәдімгідей ішкі дайындықпен опера тыңдадым. Керемет әсер етті...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев