Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ностальжи.

Ностальжи.

Ностальжи.

Бұрындары Жәнібек, ел ішінде Жаник,Жаныч,ал маған жай Жан деген досым болатын. Дос дегенде ол кезде елден жырақ жүрген жыл, жалғыз менің соулмэйтім болған адам. Хоумсик боп, жылай-жылай көз жасым көл болғанда,қасымда болған сол, ата-анамды сағынып, елге кетем деп жиналғанда басу айтқан сол, төсек тартып, тұра алмай қалғанда ең алғашқы боп таң атпай есігімді ашқан да сол бір досым еді.

Қызық естеліктер ішінде, отырып отырып, Атлантик Ситиге кеттік дегенде тұрдық та, кетіп қалдық. Сосын солай Нью Йоркке де барып келдік. Таң атқанша алып қаланы аралап, адасып, Тайм Скверден бір-ақ шықтық. Атлант мұхиты жағалауына барып алғаш рет үлкен суды көрген менің көзім доптай боп кеткенде, үстімнен ең көп күліп, ашуыма тиген еді. Бірақ, кешкісін күн суытқанда, үстіндегі курткасын шешіп берген ақ көңіл досым ғой... Есімде, оған елден көөөөөп етіп тәтті жіберді анасы. Үлкееен қорап, іші толған шоколад, вафли, қоюлатылған тәтті сүт, пиала шәйға дейін бар - тын. Соны жейміз деп ол, мен және оның руммэйт досы үшеуміз шәй іштік. Кәмпиттен бетіме жара шықса да, сол күні тойғанша жедік. Қалғанын тығып қойдық)))) Тағы бірде, өзімше тамақ жасамақ болдым))) Сөйтіп, алғашқы эксперименттерімнің дигустаторы да Жан болды. Апарам, ол жейді. Түрі жаман болса да дәмді деп мақтап қояды. Қызық-ай, баламыз ғой әлі, таза достыққа сенеміз))) Тағы бірде ауыз ашар жасайтын болдық. Ол менің үйден жырақ алғашқы оразам, мен ас дайындаймын, ол ақшасын төлейтін болды. Сөйтіп, екеулеп өзімізше ауыз ашар жасағанбыз))) Ол уақытты бір форумда отыратын едік. Сөйтіп, бір күні форумда отырсам, форум төбесінде ашық чат болушы еді, соған: "Айжан, сұйық май бар ма сенде?" деп жазып қойыпты)))) Форумдықтар күліп жатыр, "Иә, бар, бөлмемнің кілтін ал да, барып ала бер" деп қоям)))) Алғашқы махаббатымның пайда болғанына куә да сол, сол кездегі жігітіммен ұрысып қалсам да, Жан жұбатуды мықты айтатын. Бірге отырып кеңес одағы кезінде түсірілген кино көрген, бассейн маңында отырып алып саясат, Қазақстан, ел, тіл, дін секілді тақырыптарға дискуссия жасап, таласып қалатын кездер де болды. Бір жылдан астам ішінде қатты бауыр басып қалдық. Кетерімде, жеке барып "сау болымды" айтып кеттім, шығарып салмады.... 

Сағыныш жақсы сезім ғой. Белгілі адамды емес, сол шақтарды сағынады екем. Өйткені, жуырда екеумізге ортақ танысымыздан сәлем айтып, амандығымды біліп, мені тауып алмақшы болыпты. Алайда, өткен кетті, қазір мен бөтенмін, не деймін, кешегіні еске алып, ностальжи болғым келмеді. Құрбыма: "Айжанды көрмедім" дей салшы деп, ол күндердің тәтті естеліктерінің тәтті естелік болып қалуын қаладым.

26
Рейтинг: +4

Автор: Aizhan
Жазылған уақыты: 28 мамыр 2012, 12:41
Тегтер: ностальжи

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.