Ана - ерекше жан

Ана - ерекше жан
жеке
блог

   Ана деген кішкеңтай ғана сөздің ішінде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр  десенішші...

    Тоғыз ай тоғыз күн бойы жүрегінің астында жұдырықтай ғана жүректі көтеріп, сол кішкеңтай ғана сәбиге Алланың алдында жауапкершілік алады емес пе? Ана! Ана! Ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиін алғашқы болып қолын алатын, құшағын ашатын, ақ сүтімен нәр беретін жан ол - Ана! Анасы үшін қалам тербемеген ақын - жазушы жоқ шығар. Сол ақындар секілді анама өлең арнағанмын. Анда - санда қаламым тербеліп өлең жазатын әдетім бар. Әрине кәсіби ақын емеспін. Маған керемет ақын болу қайда... 

  Ана жүрегі

Бір ананың қызымыз,

Гүлі болып егілгін.

Гүлдің солып қалмауын,

Бір Алладан тілеген.

 

Әр баласын биіктен,

Көрсем деп армандаған.

Бір жақсылық жасасаң,

Қуаныштан шаттанған.

 

Анаң данаң, анаң панаң,

Анаң ең жақын адамын.

Көңіліңе қаяу түсірмей,

Нық болсың басқан қадамын.

 

   " Жәннат - ананың табанынаң астында" ," Анаңды меккеге үш ретарқалап апарсанда қарызынан құтылмайсын" демекші. Аналарымызды аялайық, құрметтейік. Ол біздің - Жәннатымыз...