Ең әділ және ең қымбат

Ең әділ және ең қымбат
жеке
блог

«Евровидение» абыроймен өтіп, бүгін әзірбайжандықтардың арқасынан үлкен жүк түсті. Карина Абдуллина айтқандай, бұл жолы әділеттілік жеңді. Швециялық талант Лорин тиісті бағасын алды. Енді келесі жылы 58-байқау үшін Стокгольмге көз тігетін боламыз. Швеция «Евровидениені» бұған дейін 1975, 1985, 1992 және 2000 жылдары өткізген еді.

Менің әжелерім о баста екінші орынды көздеген еді. Жарты әлемнің үлкендерге құрметінің арқасында удмуртиялық қариялар лайықты орнына ие болды. Осыдан сегіз жыл бұрын байқауда екінші орын алған серб әншісі Желько Йоксимович бұл жолы үшінші орынды иеленіп, өзінің Еуропаның бір мықты әншісі екенін білдірді. Ол Карина Абдуллинаға қатты ұнады. Қарсыластар қатынасына келсек, Швеция ең жоғарғы балды «Ла-ла-лов» деп ән салған кипрлық қызға берсе, Ресей ең жоғарғы балды беруде арамдыққа бармады, өз қарсыласы – швециялық әншінің талантын мойындады.

28 жастағы Лорин әлемді өзіне қаратқанымен кезінде Рыбак жасаған рекордты жаңарта алмады. Рыбак 387 балл алған болса, Лорин - 372. Жеңімпаздар ондығына мыналар енді: Ресей – 259 балл, Сербия – 214 балл, Әзірбайжан – 150 балл, Албания – 146 балл, Эстония – 120 балл, Түркия – 112 балл, Германия – 110 балл, Италия – 101 балл, Испания – 97 балл. Көпшілікке ұнаған Молдова мен Румыния 11 және 12-орындарды иеленді.

Швецияға байқауға қатысушы 42 елдің 18-і ең жоғарғы балды (12) берді. Көпшілік ресейлік әжелерді 10 балға лайық деп шешті. Ең жоғарғы балды Беларусь қана сыйлады. Елдердің бағалауы кезінде көпке дейін Дания, Исландия, Норвегия елдеріне ешкім бір де бір дауыс бермеді. Рекордсмен Рыбактың жерлесі, норвегиялық Туйи 7 балл ғана (ең соңғы, 26-орын) алып, байқаудың «супернеудачнигі» атанды. Бакудегі байқау «ең әділ», «ең қымбат», әрі «интригасы ең аз» «Евровидение» деп бағаланып отыр. «Евровидение-2012» бітті, енді «Евро-2012»-ні күтеміз.