"Astana arlans" WSBдің үш дүркін чемпионы!

"Astana arlans" WSBдің үш дүркін чемпионы!
жеке
блог
Төгілген тер мен сенім ақталды!!! Астана Арландары 2013, 2015 және 2017 жылдары қарсыластарына дес бермей, WSB чемпионы атанды...
  Финалдық бәсекенің қызу өткені соншалық, соңғы жекпе-жектен соң, төбеміз көкке екі-ақ елі жетпей қалды!
 
Қазақ - Куба айқасында біздің жұдырығы шойындай, мінезі жалындай, жолындағыны таптап өтетін арландарымыз кіл чемпиондардан құралған қабыландарды ұлттық құрамсыз-ақ жеңді!
Қалай қуансақ та жарасады енді!
Осындай қызықты бәсекені жылына, айына бір көретін шығармыз, финал деген атына сай қызу өтті.
Жеңіліп барып жеңіп, бұра тартып, итжығысқа тіреліп, ақыры жеңісті жұлып алды қазақтарымыз!
Жанын сала айқасқан боксшыларымыздың, жанын шүберектің ұшына түйіп тамашалаған көрермені болдық. Бірде қуанып, ашуланып, терлеп-тепшіп, бір орында отыра алмағанымыз рас. 
 Арлан.
Сонымен, нәтижені назарларыңызға ұсынсам:
49 келі. Теміртас Жүсіпов - Хоанис Архилагос, 3:0
52 келі. Олжас Сәттібаев - Йосвани Вейтия, 0:3
56 келі. Ілияс Сүлейменов - Хавьер Иванез, 3:0
60 келі. Закир Сафиуллин - Ласаро Альварес, 2:1
64 келі. Ділмұрат Мижитов - Энди Круз, 1:2
69 келі. Асланбек Шымбергенов - Роньель Иглесиас, 3:0
75 келі. Әбілхан Аманқұл - Арлен Лопес, 1:2
81 келі. Арман Рысбек - Хулио Сесар ла Крус, 0:3
91 келі. Антон Пинчук - Эрисланди Савон, 0:3
+91 келі. Олжас Бұқаев - Йоандри Тоирак, 3:0
52 келі. Олжас Байниязов - Фрэнк Залдивар, 2:1
 Алты сағат бойы бар назарын осы бір боксқа салған жаны жайсаң жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын!
 Осындай нар ұлдарымыз барда қазақ боксының  құлдиламайтынына кәміл сенсек артық болмас!
 
P.S. Осындайда өзімді спорт комментаторындай сезінемін...