Әскер деген сөзде бес әріп бар... Бес сезім бар бірақ та... (байқау)

Әскер деген сөзде бес әріп  бар... Бес сезім бар бірақ та... (байқау)
жеке
блог

     Бүгін таң атысымен алға қойған  мақсаттарымды орындау үшін,алғаш рет журналист ретінде шағын  сапарға шығып келдім. Ол сапарға қай жерге барды  деп ойлайсыздар? 32363 әскери бөліміне барып,әскери борыштарын өтеп жүрген  азаматтардың  өмірімен танысып  келдім. Менің  алға қойған мақсаттарым бірте-бірте  орындалып келе жатыр. Құдайға шүкір!!!

           Әскер  деген сөз  бес-ақ әріптен тұрады,қаншама сезім бар екенін  білсеңіздер ғой... Әскери борыштарын өтеп жүрген 9 облыстың 700-ден астам азаматтарын өз көзіммен көрдім. Болашақта  біздің  қорғаушыларымыз, жігіттер қауымы,Сіздерге айтарым,әрдайым осылай аман-сау болып жүре беріңіздер! Жігіттердің көзінен көрінген  бірінші сезім ол–махаббат. Отанға деген ыстық ықылас пен өшпес махаббат тұнып тұрғандай. Ал екінші  сезім ол–тілге деген махаббат. Бойларында тілге  деген махаббатты қалай көрдім?Барлығы да қазақ тілінде сөйлеп жүр.Орыс ұлтының жігіттері де, қазақ ұлтының ,өзге ұлттың жігіттері де.Үшінші сезім сезілмейтін сезім  екен.  Әскерде Отан алдындағы борышын  өтеп жүрген жігіттердің жанұясына,отбасына деген сезім.Ол сезімді  тек қана  Отан алдындағы  борышын өтеп жүрген адам ғана сезе алады.Менің ойымша,  төртінші  сезім ол–достық. "Досы барды жау алмайды" деген осыдан  шыққан  болар. Әскерде жүріп бір үйдің баласындай болған   700-ден астам жігіттердің бойында тұнып тұрған сезім бар. Бесінші сезім–бақыт деп аталады. Ол бақыт Отан алдындағы өз борышынды өтеу. Отаныңа деген кішкене болса,үлесіңді қосу. Осы бес  сезімді  біліп  жүріңіздер. 

    Алғаш рет  қару ұстап,атып көрдім. Сонау замандағы  Әлия,Мәншүк  апаларымыздың қалайша ауыр-ауыр  қару-жарақты асынып  жүргенін елестете алмаймын... Себебі бүгін қарудан атып көргенімде екі  құлағым бітеліп,жүрегім  тоқтап қала жаздады. Атылған оқтың дауысының өзі  қорқынышты екен.