Ұмытылмас КиноПати-К

Ұмытылмас КиноПати-К
жеке
блог

Кеше, яғни 26 мамыр күні, Kinostan.kz сайтының админі Ернар-Патиктің туылған күні болды. Осыдан біраз күн бұрын КерекИнфо сайтында туған күнін ерекше стильде, яғни кино стилінде өткіземін деп, киносүйер қауымды шақырған болатын. Кешке келгісі келетін адамға талап: киноға байланысты бір элементпен келу. 

Сөйтіп, мен көп ойланбастан, қазір фанатеть етіп жүрген актерім Пак Йоң Ханың суретін салдырып, киіп бардым. 

Осылай Жалғас екеуміз футболкамызбен ерекшелендік

Ал ең ерекше, тематикаға сай киініп келгендердің бірі Розаға ешкім тең келмеді.

Туған күн иесі өзінің жары Светамен алдымызға ас қойып, қолымызды бос қойды. 

Киностанның екінші админі Димаш Зиядиннің келуімен киноға байланысты ойындар басталды...

Таратылып берілген қағаздардағы қанатты сөздердің қай фильмдерде айтылатынын таптық.

Кейін қай саундтрек қай фильмнен алынғанын анықтау керек болды. Жақында ғана сайтымызда Ханс Циммердің әуендері жайлы мақаланы оқып, дәл осы композитордың әуендерін таба алмағаныма өкіндім. Оның орнына "Спеши любить" фильмінен бір әнді таптым ))) (Суретте: Ернардың жұбайы, жұбайының құрбысы мен пәтер иесі Жалғастың достары Аъзам және Нұрлан және Мадлен).

Содан соң, ең қызық байқау, ұл-қыз болып бөлініп, бір фильмнен көрініс қою керек болды. Шарт бойынша ешқандай сөз болмауы қажет. Мұнда үздік болып Розатай мен Аъзамның және Айжан мен Батырдың көріністері дес бермеді. Видеодан өздеріңіз тамашалап көріңіздер:


Кейін үздік болғандарды марапаттау басталды. Үздік деп танылғандарға "Ағаш Асқар" статуэткасы табысталды. 

Үздік қоюшы-суретші болып, Монти жеңіп алды. Патиге қажетті суреттер мен марапаттауларды осы ханым жасаған болатын.

Үздік грим номинациясы бойынша, ерекше киім киіп, кештің сәнін келтірген Розатайға табысталды.

Фильмнен қанатты сөздерді бәрімізден көп тапқан Светаның құрбысы Назгүл "Үздік трюк" номинациясы бойынша жеңіп шықты.

Түңгі 00-ден кейін келесі туған күн иесі болған Нұржан ағай да бір Ағаш Асқарға ие болды. 

Және бәрімізден көп саундтректерді тапқан Батыр "Үздік киносазгер" атағын алды.

Сол түні кино саласында үлкен білімпаздығын көрсеткен Жалғастың досы Аъзам "Үздік актер" атанып, Ағаш Асқарды алғанына қуанып, көз жасын жасыра алмады. ))

Және соңғы қойылым үшін үздік акриса болып Роза екінші рет Ағаш Асқарға ие болып, екі дүркін асқарлы актриса атанды ))

Осылай Кинопати-К жалғасын тапты, ара-арасында Патикке тілектер жаудырып, стақандар көтерілді.

Сыйлықтар таратылды:

Ең басты ұйымдастырушылар: Димаш, Жалғас, Ернар

Осылай керемет кеш өз мәресіне жетті. Ұйымдастырған осы үш жігітке көп рахмет! Естен кетпес керемет кеш болды. ))