Марғұлан Ақанды «Моро» деп жүрген кім?
жеке
блог

Марғұлан Ақанды «Моро» деп жүрген кім?

Қанша күн болды. Тіпті біраз күн өтіпті. Жазуға талпынып жүрдім. Бірақ бір жауап болар деп күттім. Ақыры  жауап болмады. Лақап атпен «Моро» деп Марғұлан мырзаға хат жазған қыз туралы білгім келді. Себебі ол мен үшін «Мәке» еді...

«Yoko», сенің Мәкеңе берген жауабыңды оқыдым. Иә жазу стилің ерекше екен. Бірақ Моро деп оның бағасын түсіріп жіберген секілдісің. Жалпы «сен» не «сіз» деп екі жақты жазбай отырсам айып етпе, сен туралы ештеңе білмеген соң осылай бастап кеттім.

Осы хатты менің де жазғым келген. Бейтаныс ару болып менің де сырласқым келген. Бірақ бейтаныс ару шынымен «ххх» болып бастап кетіпті. Екеуара хаттарыңнан түсінгенім жалғыздық туралы көп айтыпсыңдар. Жалғыздық – құдайдың дүниесі. Екеуіңе не жоқ! Мәкені түсіндім делік. Себебі ақын жаны үнемі жалғыз. Ал сен ше Юоко, несіне жалғызсырап жүрсің? Әлде сенің де ақындық қасиетің бар ма еді?

Мәке, бұлай  аяқ асты хат жазып, тасқа біткен қына секілді жарып шықсам ренжіме, бірақ өзіңе айтарым бар! 

Сен жалғыздықтан қиналып жүрген жоқсың. Сен керісінше көп адаммен араласып қиналып жүрсің. Саған керісінше жалғыз қалу керек. Бәлкім саған білінбейтін де шығар, бірақ сенің әлеуметтік желідегі достарың сенің сүйенішің не сырласың бола алмайды. Бәріне пайда керек. Сен солардың көңілін табамын деп әлексің. Оны соңғы бір өлең туралы жазған жазбаңнан түсіндім.

Алысқа кетіп қал. Алматы адамды ит қылып жібереді. Мойындашы?! Ал бейтаныс арудың кім екенін білмедім, менің бейтаныс болғым келмейді. Түбі бір беттің пердесін ашармын. Бірақ Юоко деген біреу үшін «Моро» болып қиналмай-ақ қойсаң қайтеді. Сен мен үшін және сені оқитын біраз оқырман үшін – Мәкесің!  Мәке болып қал!

 

Есіңе салайын, жалғыз емессің!